Жыл басынан бері Nur Otan партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде депутаттар, партия мүшелері – мемлекеттік органдардың басшылары 14 мыңнан астам қабылдау өткізіп, 74 мыңнан астам қазақстандықты қабылдады. Өтініштердің 96%-і бойынша оң шешімге қол жеткізіліп, консультативтік, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді. Қалған 4%-і орындалуда.

Партияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, соңғы 2 жылда жарты миллионннан астам өтініш қабылданған, олардың 74%-і Интернет арқылы түскен.

Өткен жылдың соңында онлайн-режимде өткен қабылдаулардың бірінде Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны Айбек Қосмағамбетовтің өтінішін қарады. Қобда ауданының Талдысай ауылының тұрғыны сол кезде елді мекенде жолдың жоқтығын айтып, шағымданған болатын.

Бауыржан Байбек өз кезегінде Айбек Қосмағамбетовке депутаттар таяу уақытта өтетін сессияда елді мекендегі жолды жөндеуге қаражат бөлу мәселесін қарайтынын айтқан еді.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Nur Otan партиясының облыстық фракциясының депутаттары өтінішті қарағаннан кейін биыл ауылдағы жалпы ұзындығы 2,6 шақырым болатын екі жолға орташа жөндеу жүргізілген. Ә.Молдағұлова атындағы көшені жөндеуге облыстық бюджеттен 65,5 млн теңге, ал Абат Байтақ көшесіне – 140,2 млн теңге бөлінген. Бүгінде асфальт төсеу және жүргіншілер жолдарын жайластыру жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, партияның баспасөз қызметі азаматтардың қоғамдық қабылдау барысында көтерген өтініштерінің оң шешімін тапқан басқа да бірқатар мысалдарын келтірді.

Мәселен, Nur Otan партиясының елордалық филиалына «Қазақауыл» ықшам ауданының тұрғыны газдандыру мәселесін шешу туралы өтінішпен хабарласқан. Өйткені әуел баста осы ауылдың 150 үйі газ желісін тарту жобасына кірмей қалған екен. Елорданы және ел өңірлерін газдандырудың ауқымды жобасына Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастамашы болғанын ескере отырып, Партиялық бақылау комиссиясы Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшевпен тұрғындардың кездесуін дереу ұйымдастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті басқару органдарының өкілдері тұрғындарды «Қазақауыл» ықшам ауданын газбен қамту желісін тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірнеленетінін, ал жұмыс биылғы төртінші тоқсанда басталатынын айтып сендірді.

Батыс Қазақстан облысында нұротандықтар Орал қаласынан 140 шақырым қашықтықта орналасқан Сырым ауданының Жымпиты ауылы тұрғындарының көлік мәселесін шешуге көмектесті. Осыған орай партиялықтардың араласуымен Жымпиты – Орал бағытында тұрақты автобус қатынай бастады. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін жол жүру ақысы тегін болды.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы үйлердің бірінің тұрғындары жарты ғасырдан бері табиғи газ тартуды сұрап келеді. Ғимарат сонау 1965 жылы жатахқана ретінде пайдалануға берілген, ал 90-жылдары тұрғындар пәтерлерін жекешелендіріп алған. Жоғарыдағы мәселесін шешу үшін тұрғындар «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалына жүгінді. Нәтижесінде қалалық бюджеттен қаражат бөлініп, тиісті жұмыс жүргізілді. Соның арқасында барлық пәтерге газ тартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here