Алты айда мұнай өндіру 2,2%-ға артты

0
2366

Таяуда «ҚазМұнайГаз» ұлттық комапниясы еліміздің жарты жылдағы мұнай саласына қатысты қорытынды есебін жұртшылыққа жария етті. Еліміздегі мұнай өндірісі саласындағы жетекші компанияның есебіне зер салғанымызда мұнай өндіру ісі еліміздегі екі кеніште біршама артқанын байқадық. Еліміздің ОПЕК+ келісіміне қол қойғанына қарамастан мұнай өндіру ісі жоғарлаған. Бір ғана Қашаған кенішінде өнім өндіру 42,5%-ға артқан.

Ал Теңісзі кенішінде жыл басынан бері 2,8 млн тонна мұнай өндіріліпті. Бұл өткен жылды осы кезеңмен салыстырғанда 4,7%-ға кем екенін байқауға болады.

Сарапшылар Теңіз кенішіндегі мұнай өндіру ісінің кемуі ел экономикасына анау айтқандай кесірін тигізбейтінін алға тартыпты.

Жалпы Теңіз кенішіндегі мұнай өндірушілер ОПЕК+ келсіміне мойын ұсынып, мұнай өндіруді біршама бәсеңдеткенін байқауға болады. Қашаған мен Қарашығанақ жайында жағдай басқаша қалыптасқан.

Қаршығанақта мұнай өндіру ісі 5,2%-ға ұлғайған. Өз кезегінде мұнай өндірушілер кеніште өнім өндіру көлемінің артуын 2019 жылы қарал-жабдықтарға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары әсер еткенін алға тартуда.  

Осылайша еліміздегі ең ірі үш мұнай кенішіндегі қара алтын өндіру ісі 4,88 млн тоннаны құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған өнім өндіру көлемі 2,2%-ға ұлғайғанын байқауға болады.

Сарапшылар жаңадан іске қосылған мұнай кеніштерінде мұнай өндіру ісі айтарлықтай жеңіл екенін алға тартып, алты айда мұнай өндіру ісінде құлдыраудың орын алмағанын қалыпты жағдай ретінде бағалапты. 

– Қашаған бірінші категорияға жататын мұнай кеніші. Жаңадан ашылған кенішті табиғи әлеуеті өте үлкен. Біздер Қашағанда екінші жыл мұнай өндірудеміз. Меніңше, алдағы біраз жылға дейін Қашағанда мұнай өндіру көлемі жоғарлай беретін болады. Бұл үрдісті тоқтату мүмкін емес. Соныдқтан Қашағанда мұнай өндіруші оператордар мұны күні-бұрын болажап, жоғарлауға қатысты есептерін жариялап, тиісті орындарды ескерткен. Сондықтан ОПЕК+ келсімін алға тартып, өнім өндіру көлемі неге төмендеді деп ой өрбітудің қажеті жоқ, – дейді Мұнайсервистік компаниялар одағы президумының төрағасы Рашид Жақсылықов.

Өз кезегенде мұнай-газ саласының сарапшысы Тоқтамыс Меңдібаев та бұл пікірді нықтай түсіпті. Ол: «Қашағанда мұнай өндіру өте тиімді. Онда жеңіл мұнайдың мол қоры бар. Мұнай құрамында мазуттан гөрі мол бензин алуға болады. Бұл коммерциялық тұрғыдан өте тиімді мұнай» деп ойын ортаға салды.

Мұнай өндіру ісінің артуы пандемия кезінде елміздің инвестициялық клматының жақсаруына септігін тигізетін негізгі факторға айналуда. Бүгінде әлемдік нарыққа көз салған адам банктер мен инвесторлардың жаңа жобаларға қаржы салуға асықпай отырғанын байқауға болады. Елімізде мұнай өндіру ісінде өсімінің сақталуы инвесторларды бұл салаға қаржы салуына ықпал етері сөзсіз.

– Мұнай өндіру ісі қысқарған жағдайда скважиналардағы жұмыс тоқтайтыны белгілі. Мұнай өндіру жұмыстарын қайтадан қалып келтіріп, жандандыру шығынды көп талап етеді. Сондықтан еліміз үшін мұнай өндірісінің қысқармағаны маңызды, – дейді Тоқтамыс Меңдібаев.

– Пандемия кезінде солтүстіктегі көршіміз Ресей мұнай өндірісін бір грамда төмендеткен жоқ. Олар өндірген мұнайларына сырт елдердің сұранысы азайған сәтті өздерінің стратегиялық резервтерін қара алтынға толтырға көшті. Олардың мұнай сақтайтын ірі қоймалары бар. Ал бізде мұндай ірі мұнай қоймалары жоқ. Біздің ірі операторлардың қоймасында бес күн өндірген мұнайды ғана сақтайтын қоймалар бар. Бұл өте аз. Сондықтан Қазақстанда өндірілген мұнайдың берден сырт елдерге экспорттауға мәжбүрміз. АҚШ пен Ресейде төрт-үш айға дейін жететін мұнай қорын сақтайтын қоймалары бар. Ал іргедегі Қытай өз қоймаларына арзан мұнайды жинап, қара алтынның бағасы қымбаттағанда 6 айға дейін сырттан мұнай сатып алмай қоймада жинақталған мұнаймен экономикасын қамтамасыз еттетін мүмкіндікке ие. Сондықтан қазіргі таңдағы мұнай саласындағы қалыптасқан жағдай ауқымды қоймасы бар елдер үшін пайдалы болып тұр, – деп ойын ортаға салды Рашид Жақсылықов. 

Сарапшылар алдағы уақытта Қазақстан стартегиялық мұнай қорын сақтайтын инфрақұрылымдарын дамытуға баса мән беруі керек екенін алға тартуда. Қазіргі таңда дүниежүзі елдері мұнайдан бастап, бидайға дейінгі аралықта өзінің стратегиялық қорларын жасақтауға айрықша мән беруде. Бұл үрдіс бізді де айналып өтпеуі керек.

Зейнолла АБАЖАНОВ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here