Соңғы уақыттары Қазақстанда діни экстремизмге қарсы профилактикалық шаралар күшейіп, бірақатар маңызды жұмыстар қолға алынды. Айталық, бұл бағытта оқиғаны анықтап, талдау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, тәуекелі жоғары топтармен жекелей жұмыс жасау ісін атап айтуға болады. Соңғы уақыттары діни экстремизмге қарсы профилактикалық жұмыстар жұмыстардың табысты болуына үкіметтік емес ұйымдар да өз үлестерін қосып жүр.
Қоғамдық ұйым жұмысы тиімділігін көрсетті
Осы ретте қоғамдық ұйымдардың жұмысын қаржылай қолдауда республикалық және жергілікті атқарушы билік орындары көмек қолын созып келеді. Мемлекеттің қаржылай қолдауы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс және грант негізінде жүзеге асуда.
Елімізде діни экстримизмның алдын алу бағытында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар халықтың діни сауатын көтеру, деструктивті ағымдардың арбауына түсіп қалған азаматтарға психологиялық көмек көрсету және ақпараттық-түсіндіру бағытында жұмыс істеп келеді.
Айталық қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың әріптестігі аясында ел азаматтарының діни сауаттылығын көтеру бағытындағы интернет-ресурстар іске қосылып, күні бүгінге дейін тиімді жұмыс істеп жатқанын атап айтуға болады.
Бұл ретте 2016 жылы мемлекеттің қолдауымен құрылып, жұмыс істеп жатқан «E-Islam» интернет порталының жұмысын атап айтуға болады.
Бұдан басқа 2014 жылдан бері діни экстримизмнің алдын алу мақсатында «Қауырт желінің» жұмысы жолға қойылып, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. 2014-2015 жылдары аралғында желіге мыңнан астам қоңыру түсіп, діни экстримизмнің құрбанына айналуға шақ қалған адамдар өзін мазалаған сұрақтарға жауап алып, адасушылықтан аман қалған.
Мамандар үкіметтік емес ұйымдардың діни экстремизмнің алдын алудағы жұмыстарын бағалағанда, олардың ірі қалалардағы жұмысті табысты болғанын байқаған. Ал аймақтағы жұмыстары жоғары нәтижеге ие болмаған. Өз кезегінде қоғамдық ұйымдардың жетекшілер мұның сыры аймақтарда дін саласын жетік білетін мамандардың аз болғандықтан діни экстремизмнің алдын алудағы жұмыстарды жүргізуде біршама кедерге келтіргенінен мойындады.
Түрме діни экстремизмнің ошағына айналмауы тиіс
Еліміздегі түзеу мекемелеріндегі діни радикализмның алдын алуға қатысты профилактикалық жұмыстардың да маңызы зор бол тұрғанын мойындауымыз керек.
Бүгінде ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметі бойынша қазіргі таңда 800-ден астам экстремизм және терроризм бойынша жазасын өтеуде.
Олардың біразы түрмеде бекерге қарап отырмай айналасындағы адамдардың миын улауы мүмкін.
Сондықтан түрмені діни экстремизмнің ошағына айналдымау үшін діни түсінігі радикалданған тұлғалармен жекелген телог мамандар жұмыс істеп, олардың бетін бері қайтаруда. Бұл ретте құзырлы орындар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдардың көмегіне жүгінуде.
Бүгінде түзеу мекемелеріндегі діни көзқарасы радикалданған тұлғалармен жұмыс істеудің тәжірибесі Орталық Азия елдерінің қызығушылғын арттырып отыр.
Осы ретте түзеу мекемелерінде экстремизм бойынша істі болғандардға теологиялық білім беруден бөлек психологиялық кеңестердің берілуі де бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуына айтарлықтай септігін тигізген.
Осындай кешенді шаралардың арқасында Қазақстанда діни экстремизмнің қара бұлты сейліп, жағдайдың біршама оңалды деп нық сеніммен айтуға болады. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстардың жемісті болуына профилактикалық іс-шаралардың бір жүйеге түсіп, өзінің тиімділігін көрсете бастауы себеп болғанын алға таруда.
Мамандар қажет
Бүгінде еліміздегі діни экстремизмнің алдын алу жұмыстардың ақсауына білікті мамандар тобының қалыптаспауы кесірін тигізіп отырғаны жасырын емес.
Еліміздегі діни ахуалға жауапты мекемелер мамандарды өздері дайындауда. Ал маман дайындау үшін біраз уақыт керек екені белгілі.
Білікті мамандар тобын қалыптастырып, олардың білімін жетілдіру үшін арнайы курстар ұйымдастырып тұруы керек. Бұдан басқа діни профилактикалық жұмысты жүргізуші мамандарды материалдық тұрғыдан ынталандырудың маңызы зор.
Осы жайттарды ескергенде алдағы уақытта мемлекеттің діни экстремизмге қарсы профилактикалық жұмыстарын барынша жетілдіре түсудың маңызы зор екенін түсінесің.
Алдағы уақытта діни экстремизмге қарсы профилактикалық жұмыстардың табысты болуы үшін маман дайындау ісіне айрықша көңіл бөлген жөн. Бұл ретте өзге елдердің іс-тәжірибесіне көңіл бөлген де жөн.
Толқын САДЫРОВА