Таяуда ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жұмыс сапармен барып, бірқатар кәсіпорындарды аралап, ондағы жұмысшылар және кәсіподақ белсенділермен кездесіп пікірлесті. Қазіргідей пандемия кезінде жұмыс берушілердің қарапайым еңбек адамдарының мүддесін қорғап жұмыс істеу өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны жасырын емес. Жұмыс орындарының сақтау, еңбек кодексіне сәйке жұмысшы құқының қорғалуы ҚР Кәсіподақ федерациясының басты жұмысына айналып отыр.

Кәсіподақ басшысы Сатыбалды Дәулеталин Шымкенттегі «ShymkentBUS» жолаушы тасымалы компаниясында болып, қарапайым еңбек адамдарымен кездесті.

«ShymkentBUS» қаладағы ең ірі жолашу тасымалдаушы мекеме. Қазіргі таңда аталмыш компания қаладағы 17 маршрут бойынша халыққа қызмет көрсетуде.

Өз кезегіне Сатыбалды Дәулеталин кәсіпорын басшылары мен кәсіподақ белсенділерін жұмыс барысында қоғамдық көлікті жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігіне баса мән беру керектігін алға тартты.

– Өкінішке орай, қазір елімізде коронавирус инфекциясы кең таралып жатқаны жасырын емес. Мұндай жағдайда қоғамдық көлікті жүргізуші мен қарапайым халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне айрықша көңіл бөлуінуі керек. Жұмыс берушілер қызметкерлерін жекелген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіп, қоғамдық көлікті қажетті санитарлық нормалар сақталуын күш салғаны абзал, – деп кәсіподақ басшысы талабын айтты.

Бүгінде автобус паркінде 300 қоғамдық көлік тіркелген. Қала тұрғындары 700 адам қызмет көрсетед.  «ShymkentBUS» мекемесінде жұмыс істейтін 440 қызметкер кәсіпорын ішіндегі кәсіподақ ұйымына мүше екенін айта кетуіміз керек. «ShymkentBUS» мекемесінің директоры Тұңғышбек Туғанбеков алдағы уақытта тағы 60 қызметкер кәсіподақ ұйымына мүше болатынын алға тартты. Кәсіпорын басшы елімізде қабылданған Төтенше жағдай кезінде 130 қызметкерді ақысыз еңбек демалысына жіберуге мәжбүр болғандарын да айтты. 

Төтенше жағдай кезінде ақысыз демалысқа кетуге мәжбүр болған қоғамдық көлік жүргізушісі Жұбаныш Жұмабеков мемлекеттің 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмегін алуда қиындықтар туындағанда кәсіподақ ұйымы бұл мәселелермен айналысып, ақысыз демалысқа шыққан қызметкерлердің құжаттарын рәсімдем мемлекеттің әлеуметтік төлемін алуға жәрдемдескенін алға тартты. 

Қазір жағдай бұрынғы арнасына қайта түсіп, ақсыз демалысқа жіберілген жұмысшылар жұмыстарына қайта оралып, іске кіріскен.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшысы Сатыбалды Дәулеталин Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында өңірдің кәсіподақ ұйымдарының алдында жергілікті жерлерді жұмыс орындарының сақталуы кәсіподақ ұйымдарының басты жұмысы екенін атап өтті.

Жұртшылықпен кездесуде Сатыбалды Даулеталин Түркістан облысындағы 36 кәсіпорында 1 544 жұмысшы айлық еңбекақысы сақталмайтынын демалысқа жіберілгенін және 4 кәсіпорында 29 жұмыскер елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты жарты айлыққа жұмыс істеуге мәжбүр болып жүргенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, ол кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық келісім-шартқа қол қойған кәсіпорандар қалыпты әлеуметтік-еңбек қатынасы қалыптасқанын айтты. Осы ретте Түркістан облысындағы кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық келісім-шартқа қол қою көрсеткіші 70,1%-ды құрайтынын айта кетуіміз керек. Өз кезегінде Сатыбалды Даулеталин өңірдегі әріптестеріне бұл бағыттағы жұмыстарды өркендетіп, облыстағы жұмыс берушілермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату қажет екенін тілге тиек етті.

Арайлым БИМЕНДИЕВА

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here