Мемлекеттік қызметшінің құқықтық пайымы кең болуы керек

0
3311

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облысымыздың түкпір-түкпірінен келіп, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалында қайта даярлау курстарынан өткелі жатқан мемлекеттік қызметке алғаш түскен жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырды.

Спикерлер ретінде Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есбол Кенжалин және Ақмола облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанадилова қатысты.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің парасаттылығы мен құқықтық санасы принциптерін қалыптастыру, олардың әдептілік деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар әр мемлекеттік қызметшіге тән болуы тиіс жоғары моральдық қасиеттерін талқылады. Ерекше назар парасаттылық, жауапкершілік, прагматизм, икемділік, стреске төзімділік, сенімділік сияқты қасиеттерге бөлінді.

– Мемлекеттік қызмет – бұл еңбекқор, өте жауапты, кәсіби және күйзеліске төзімділікті талап ететін іс. Онда әрдайым қолайлы психологиялық климат және эмоциялық жеңілдету мүмкіндіктері бағаланады. Алайда қандай жағдай болмаса да мемлекеттік қызметшілер адалдық қасиеттерінен арылмауы тиіс, – деп Есбол Кенжалин атап өтті.

Пікірталас барысында қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен моральдық-этикалық келбетін талқылады. Айнагүл Жанадилованың айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыру – парасаттылықты қалыптастырудың маңызды тетігі. Департамент пен жас мемлекеттік қызметшілермен осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here