2016-2019  жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасында тұрғындарды скринингтерге тарту мәселесі  басты талаптың бірі ретінде көрсетілген болатын.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл орайда халықтың скринингтермен тұтастай қамтылуын аудан әкімдері мойнына алу керек деген пікір білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі күні аудан-ауылдарда жұртшылықты скринингтерге тарту мәселесі аса өзекті.

«Көп жағдайда алыс елді мекендерде тұратын тұрғындардың скринингтен өту қажеттігі туралы ақпаратты естімей қалыс қалып жатады. Скринингке қатысты маңызды ақпаратты білмегеннен кейін, ертеңгі күні денсаулығы сыр бергенде, үлкен шығынға ұшырауы мүмкін», – деді Елжан Біртанов. 
Бұл ретте ведомство басшысы скрининг туралы мәліметті тұрғындарға жұмыс орындарында, білім ордаларында және де басқа да жолдармен жеткізуде жергілікті атқарушы органдардың белсенді болғаны аса маңызды екенін тілге тиек етті.

 «Аудандық әкімдердің жұмыс көрсеткішін бағалауда тұрғындардың скринингтер өтуі туралы мәліметті енгізу керек деп есептеймін. Егер де аудандық әкімдер тұрғындардың скринингтермен қамтылу деңгейін өз жауапкершілігіне алар болса, халықтың осыған қатысты ақпарат алу деңгейі де артар еді», – деді Біртанов.

Министрдің бұлай деуі тегін емес. Бұдан бұрын Біртанов елімізде қатерлі ісік диагнозымен 180 мың адам диспансерлік байқауда тұрғанын айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here