Құралай Бәйменованың мүгедектерге арналған арбаға таңылғанына 25 жыл болды. Бірақ осы жиырма бес жылдың бірде бір күнін босқа өткізген емес ол.

Өз өмірін өзгелерге үлгі ете отырып, ширек ғасырға жуық уақыт Құралай ханым арбаға таңылған адамдардың болатынын, егер алдына шын мақсат қойса оған ешкімнің, ешнәрсенің кедергі болмасын дәлелдеп келеді.

«Мен бастан өткерген трагедияны ешкімге бермесін» дейді ол.

Кейбіреулер Құралай орнында болмса әлдеқашан морт сынып, бұл өмірден күдерін үзіп тынар еді. Ол да өтірік емес…

Бірақ, біздің бүгінгі кейіпкеріміз ондай адамдардың қатарынан емес. Ауыр трагедияны басынан өткерсе де Құралай Бәйменова беріскен жоқ. Күресті. Алға ұмтылды. Алдына мақсат қойды. Мүгедектер арбасына таңылғаны оған өз өмірін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнауға жол ашты.

Осы жолда ол отқа да, суға да түсті. Өзіндік қиындыққа тап болған талай тағдырластарына тура жол көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жүздеген, мыңдаған жандарға үлгі бола білді.

Мұның бірі дәлелі – бүгінгі күні ол Ақтөбе қаласындағы «Мүгедектерді қолдау орталығын» табысты басқарып отыр.

Табысқа деуімізге себеп осы жылдар аралығында Ақтөбедегі мүгедектерді қолдау орталығына көмекке мұхтаж мүмкіндігі шектелуі көптеген қамкөңіл жандарға қол ұшын созды.

Бұл ретте біз Құралай Бәйменованың өзіне хабарласып, аталған орталықтың тыныш-тіршілігі жайында егжей-тегжейді сұрап білдік.

 

МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР

Құралай ханымның айтып өткенінде осы жылдар ішінде аталған орталық құлашын кеңге жайып, жұмысын жолға қойған ұйымның бірі айналды.

– Бүгінгі таңда бұл орталықты мүмкіндігі шектеулі, қимыл-қозғалыстан қағылған мыңдаған азаматты өз қанатының астына алып отыр.

Түрлі жарақат алып, жүріп-тұру мүмкіндігін айырылған азаматтар ғана емес, сонымен бірге олардың отбасылары да біздің орталыққа біріккенін айта кетейін.

Біз бірлесіп жұмыс істейміз. Жетістікке жетсек те бұл біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі.

Ең бастысы Ақтөбе қаласында мүгедек жандарға кез-келген уақытта қол ұшын созатын өз орталығы бар. Мұнда мүмкіндігі шектелуі азаматтарға барлық жағдай жасалған, – дейді ол.

Оның айтып өткеніндей осы жылдар Ақтөбедегі мүгедектерді қолдау орталығы мүгедектерге арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда үлкен мектеп өтіп, толайым тәжірибе жинаған екен.

Қазіргі таңда орталықтың материалдық-техникалық базасы еліміздегі үздіктер қатарында, мұнда сонымен қатар өз ісінің білікті мамандары жиналған.

Мемлекет тарапынан мүгедектерге қамқорлық көрсету бағытында қабылданған әлеуметтік тапсырыстарды орындауда Үкімет ең алдымен Құралай Бәйменова басқарып отырған осындай Орталықтарға сенім артады екен.

–  Әрине, сырт көзге мұның бәрі жеңіл көрінуі мүмкін. Іс жүзінде өте қиын кезеңдерден өттік. Орталықтың жұмысын қазіргідей қарқынға, бүгінгідей тәртіпке түсіру үшін өте көп тер төктік.

Бүгінгі таңда біздің орталықта Қоғам қабылдау бөлмесі, әлеуметтік қызметтер бөлімі, мүгедектерді белсенді сауықтыруға арналған кабинет, ұйымдастыру бөлімі және «Д.А.Р» деп аталатын еріктілер қоғамы жұмыс істейді.

Ең бастысы осы жылдар ішінде мүгедек арбасын жөндеуден өткізді жолға қоя білдік. Елімізде бұл мәселе осы күнге дейін шешілмей келгені жасырын емес. Істен шыққан мүгедек арбаларды қайта жөндейтін мамандар, цехтар болмағаннан кейін олардың көпшілігі күресінге лақтырылатын.

Біз өз кезегімізде осы арбаларды қайта жөндеуден өткізіліп, қолданысқа жарамды қылатын арнайы цехтар аштық.

Бұдан бөлек біздің орталықта осымен 14 жыл бойы «инва-такси» қызметі жұмыс істейді.

Мұның барлығы мүмкіндігі шектеулі қауымның жүріп-тұруын жеңілдету мақсатында қолға алынған іс-шаралар.

Алайда біз мақсатымыз тек мұнымен шектеліп қалмайды. Арбаға таңылған азаматтар қоғамнан өз орнын табу үшін алда басқа да әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын боламыз, – дейді Құралай Бәйменова.

 

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАН КЕЛЕР КӨМЕКТІ АЯП ОТЫРҒАН ЖОҚ

Құралай ханым солай дейді. Соңғы жылдары мемлекет пен осынау үкіметтік емес ұйымның арасында әріптестік жаңа деңгейге шығып, Үкімет Құралай Бәйменова басқаратын орталыққа бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды сеніп тапсырды.

Мұның бір дәлелі Ақтөбе қаласында 9 қабатты арнайы екі арнайы тұрғын-үй қолданысқа берілді. Қазіргі күні аталған тұрғын-үйдің төменгі қабаттарында үйлерінде арбаға таңылған мүгедегі адам бар 73 отбасы тұрып жатыр.

Бұл жәй ғана баспана емес. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалынған орын.

Бұл үйдің бірінші қабатында мүгедек азаматтар кез-келген уақытта арыз-талабын айта алатын қоғамдық ұйымдардың кеңселері, ем-дом және массаж кабинеті, физио емдеу кабинеті, ойын және оқу бөлмелері шоғырланған, – дейді Құралай Бәйменова.

Адам еңбегін бағалайтын білетін елдің болашағы жарқын.

Өмірдің күрделі кезеңінен мойымай өткен Құралай Бәйменова арбаға таңылғанына қарамай, талай адам шапқылап жүріп атқаратын ауыр жұмысты бір өзі көтере білді.

Бұл еңбегі облыс тарапынан лайықты бағаланып, былтырғы жылы Құралай ханым «Ақтөбе облысының жыл адамы» атанды.

Бұдан бөлек ол Ақтөбе облысы әкімінің мүгедектер мәселесі бойынша кеңесшісі қызметін атқарады.

 

«МАҒАН АТАМ ҚУАТ БЕРДІ»

Ол өз бойындағы осыншалықты сарқылмас қуатты қайдан алды? Арбаға таңылса да алдына мақсат қоя білген оған кім күш берді?

– Туабітті мінезім сондай. Табандымын. Төзімдімін. Өйткені өмір соған үйретті мені.

Жас кезімде қоғамдық шаралардың барлығына атсалысып, бірде-бірінен қалыс қалмауға тырысатын едім. Қоғамдық жұмыстардың арқасында адам таныдым, ысылдым, толыстым, тәжірибе жинадым.

Кейін көрген-түйгенімді жастармен бөлісіп, оларға өмірдің ешбір қиындығына мойымай, сынаған сүрінбей өтудің жолдарын үйреттім.

 

Әлгі трагедия орын алғанда да беріскем жоқ. Алған жарақатымнан жаным қиналып жатса да, көз жасымды төгуге болмасын, бұл ең алдымен менің туыс-туғаныма оңайға соқпасын, екіншіден жылағанмен мұң-зарымды өзімнен басқа ешкім түсінбесіне көзім жетті.

Басымнан қатты жарақат алдым. Сүйегім жеті жерінен сынды. Тіпті қозғала алмай қалдым. Төсекке таңылған сәттері де өмірден түңілгем жоқ. Қайтсем тұрам, қайтсем күресем, өмір сүремін деген құлшыныс жүрегімнің дүрсілін тоқтатқан жоқ, – дейді Құралай Бәйменова.

Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкерін «құтқарып» қалған адамның бірі өз әжесі.

Төсектен тұра алмай, бір жамбастап жатудың өзі мұң болған кездері әжесінің әңгімелері Құралайдың қуат беріп, жүрегіндегі жалынды сақтап қалыпты.

– Әжем маған 1930 жылдардағы ашаршылық туралы көп айтатын. Үнсіз ғана тыңдайтын едім. Іштей егіліп жылайтынмын.

Атамыз аштықтан құр сүлдері ғана отбасын сақтап қалу үшін Атырудан Ресейге көшуге мәжбүр болады.

Сол жылғы қыс қатты болыпты, қарлы болыпты. Қарға көмілген ауылдың тұсынан өтіп бара жатып, жол бойы аштықтан өлген ондаған, жүздеген мәйітті көрген.

Бірақ, ол өз отбасын сақтап қалды. Бұл да үлкен жауапкершілік еді.

Атамның бойындағы осы бір қасиеті маған дарыған деп әжеміз айтып отыратын, – дейді Құралай Бәйменова.

 

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

 

Біздің елге дәл Құралайдай қиындыққа мойымайтын, өмірдің өткелдерінен сүрінбей өтетін қайраткерлер керек. Мемлекеттің іргесі Құралайдай мінезді, төзімді, белсенді азаматтардан құралса демек оның болашағы да баянды болмақ.

Құралай Бәйменованы бүгінгі күннің батыры деп сеніммен айта аламыз.

Өзі де арбаға таңылғанына қарамай, дәл өзіндей жүздеген, мыңдаған адамға көмек көрсету екінің біріні қолынан келер іс емес.

Құралай ханымның бойындағы қажыр-қайратқа қарап, еліміздегі мүгедектер мәселесі назардан тыс қалмасына сенімді боласың.

Осы 25 жылда ол өзімен пікірлес, ұстанымдас ұжымды қалыптастыра білді. Оның қанатының астынан түлеп ұшқан талай шәкірті елге танылып үлгерді,

Былтырғы Азаматтар форумының алғадайы – Шахан Жолдасбеков бұл сөзіміздің нақты дәлелі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here