Білім министрлігі: «6 жасқа толған балалар 1-сыныпқа бара алады»

0
1651

Білім және ғылым министрлігі осындай тәжірибені іс жүзінде сынап көрмек. Министрлік мамандарының пікірінше, 0-сыныптың мәні мен мақсаты балабақшадағы даярлық топтарына бірыңғай бағдарламалар мен оқулықтарды енгізу.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні өте қарапайым.

Басты мақсат – балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Оның ішінде бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігінің (сандар мен әліпби) 0-сынып бағдарламасына ауысуы, сондай-ақ тәрбиешілердің дәрежесін бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізу. 0-сынып үшін бірыңғай бағдарлама мен оқулықтарды енгізу 2020 оқу жылының қыркүйегіне жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, бүгінде 0-сынып – балабақшадағы даярлық тобы. «Егер де мектептің өз ғимаратында 0-сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқығы бар. 0-сыныпты енгізу құқығынан балабақшаларды ешкім айырған жоқ.

Осылайша, 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектептер мен балабақшаларда 0-сыныптар ашылады. Алайда қолданыстағы Білім туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Заңның аталмыш нормасына өзгеріс енгізіледі», – делінген министрлік хабарламасында.

2019 жылы, яғни былтырғыдай 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады.

«Егер де бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы керектігін ескеруіміз қажет», – дейді министрлік өкілдері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here