«Нұр Отан» партиясының жанынан Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды.

«Нұр Отан» партиясы көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсетіп, өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғауды одан әрі жандандыруды қолға алмақ.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев кеңес құру туралы идея көптен бері айтылып жүргенін атап өтті.

«Өкінішке қарай, Астанада болған қайғылы оқиға кеңестің құрылуын жеделдетті. Бұл ауыр трагедия, бұдан бәріміз сабақ алуымыз керек. Болашақта мұндай трагедия қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет», – деді Әшімбаев кеңестің алғашқы отырысында.

Аталған кеңес әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді.

Кеңестің басты мақсаты – көпбалалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсету және жұмыс істейтін көпбалалы аналарға лайықты жағдай жасау туралы ұсыныстар мен шаралар даярлау, сондай-ақ балалар құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заңнамаларды талдау.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here