Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевтің қатысуымен Елбасы Жолдауында қойылған цифрлық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға қатысты баспасөз конференциясы өтті.

Брифинг барысында вице-министр 2019 жылғы 1-қаңтардан бастап Қазақстан медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшетінін атап өтті.

Медициналық ақпараттық жүйені енгізу, цифрлық сауаттылық орындарының жұмысы, базасында электронды денсаулық төлқұжаты жасалатын денсаулық сақтаудың интеграциялық тұғырнамасын өрістету мәселелері қаралды.

Вице-министр қазіргі мезетте халыққа цифрлық машықтарды үйрететін 546 цифрлық сауаттылық орындарының ашылғандығын хабарлады. Бүгінде 6 миллионға жуық адам оқытылған.

Сондай-ақ О.Әбішев базасында елдің медициналық ұйымдарындағы пациенттерді тексеруден өткізу мен емдеу нәтижелері, оның ішінде бұрын ауырып жазылған созылмалы аурулар, дәрілік заттарға мүмкін болатын аллергиялық реакция, тамақтану, диета бойынша берілген ұсыныстар туралы мәліметтерді қоса алатын электронды денсаулық сақтау төлқұжаты жасалатын денсаулық сақтаудың интеграциялық тұғырнамасын өрістету туралы баяндады.

Сонымен қатар спикер Астана қаласында 25-26 қазанда мақсаты электронды денсаулық сақтауды дамыту, цифрлық инновациялар, инфрақұрылым және қауіпсіздік, мәліметтерді талдау, интеграция мен үйлесімділік саласындағы жетістіктер мен тәжірибелік шешімдерді көрсету болып табылатын Astana Digital Health Халықаралық ІТ көрмесі өткізілетінін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here