Бақытжан Сағынтаев: «Жолдаудың орындалу барысын өз бақылауыма аламын»

0
1139

Үкімет Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы міндеттерді орындаудың жоспарын бекітті.

Құжатта әр шендінің, яғни министрлер мен әкімдердің немен айналысу керектігі түгел жазылған. Ал оның орындалуын Бақытжан Сағынтаевтың өзі қадағаламақ.

Құжатты Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. Онда жоспарға қойылған 100 шара 6 бағыт бойынша қарастырылған.

Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған еді.

Бұл орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігін үлкен жұмыстар күтіп тұр.

Ал аймақ басшылары мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлерді көптеп салуға міндеттелді.

Ал әр шендінің қызметін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың өзі қатаң бақылаймын деп отыр.

«Ұйымдардың бірінші басшылары, өңірлердің әкімдері жалпы Ұлттық жоспардағы шаралардың іске асырылуын, уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін болсын», – деді премьер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here