«Елордаға тарту» жас ақындар мүшәйрасы жарияланды

Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мен елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған ақындар мүшәйрасын жариялады.

Мүшайра «Астана – жастар жүрегінде», «Астана – жиырмадағы жас қала» және «Еркін тақырыпта» өтеді.

Мүшәйраға 16-28 жас аралығындағы барлық жас ақындар қатыса алады.

Астана тойына арналған биылғы мүшәйрәнің да көздегені – Елорданың айшықты келбетін, азаттық жолында арпалысып өткен бабалар күресін, еліміздің бүгінгі жарқын өмірін, ертеңгі ұрпақ мұратын жырлау. Қазақ жырының қоржынына олжа салу. Ал тақырып аясының көкжиегі өте кең.

Жеңімпаз ақындарға бағалы сыйлықтар қарастырылған:

1 орын – 1 адам – 300 000 теңге, 2 орын – 2 адам – 200 000 теңге, 3 орын – 3 адам – 100 000 теңге, «Ең үздік 4 жас ақындар» 50 000 теңге.

Ең үздік 30 ақынның өлеңдері жинақталып кітап ретінде шығарылады және жоба соңында қорытынды марапаттау концерті өтеді.

Мүшәйраға қатысуға өтінімдер мен өлеңдерді 2018 жылдың 14 қазанына дейінгі аралықта http://jasaqyn.kz сайтына тіркеліп, (jasaqyn.kz@mail.ru) және (jasaqyn.kz@gmail.com) электрондық пошталарының біріне өлеңдерді жіберу қажет.

Қосымша ақпаратты (Instagram (@jasagyn.kz) және (Facebook (jasagyn.kz), (VK (jasagynkz), парақшаларынан алуға болады.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Ел тірегі – Елорда!» деген айдармен Астананың 20 жылдық тойына арналған биылғы мүшәйра да ұйымдастырылған болатын. Аламан жыр бәйгесіне Республикамыздың түкпір-түкпірінен 90-ға жуық үлкенді-кішілі ақындар қатысқан еді.

Сол жолы бас жүлдеге көрнекті ақын, Алаш және Халықаралық Сергей Есенин сыйлығының лауреаты Қазыбек Исаның «Ертегідей Елорда» өлеңін лайық деп танылған болатын.

Бірінші орын талантты ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Сәлем саған, Астана» өлеңіне берілген еді.

 

 

Несіпбек АЙТҰЛЫ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

 

«Астана қазақ руханиятының қарашаңырағына айналды»

Қарымды қаламгерлер мен арынды ақындар, дарынды өнер жұлдыздары келіп, күн сайын Елорда мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосуда.

Жарыса бой түзеп жатқан мәдениет ошақтары Астанамыздың ажарын тіптен аша түскендей.

Осыған риза болған халқымыздың да мерейі өсе түскендей. Сондықтан да Астана ұлтымыздың тілегінде, үлкен-кішінің жүрегінде!

Кешегі зұлмат заманда талай жазықсыз жандардың Ақмолаға айдалып, «Алжир» лагерінде көз жұмғанын тарихтан жақсы білеміз.

Сөйткен Ақмоланың бүгінгі Астанаға айналып, Бостандық пен Бақыттың ордасы болғанына қалай көңілің босамайды, қалай жүрегің тебіренбейді?! Мұны қалай жырламасқа?

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here