Нұрлан Нығматулин: «Мектеп пен ауруханадағы тамақ сапасын бақылау қажет»

0
1403

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мектеп, аурухана мен əскери бөлімдердің тамағы сапасыз екенін айтты.

Төменгі палата отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды.

Министр не дейді?

Мәжіліс отырысына алғаш рет министр ретінде қатысқан ҚР Қаржы министрі Əлихан Смайылов əскерилерді тамақтандыру өте күрделі мәселе екенін айтты.

«Біздің ойымызша, «Мемлекеттік сатып алу» заңнамасынан оларды шығаруға болмайды. Бірақ, мемлекеттік сатып алуға байланысты ерекше тәртіпті бекітетін тиісті ережелер бар. Сол ерекше тəртіп бойынша əскерилерді тамақтандыру сұрақтарын реттесек деген ойымыз бар.

Біріншіден, демпинг (демпинг-тауарлар мен қызметтердің құнын жасанды түрде түсіріп, төмен бағамен сату. Ол нарықтағы, тіпті өзіндік құнынан арзан болуы мүмкін-авт.) сұрақтарын бекіту керек, шектен төмен баға бермеу қажет.

Екіншіден, тамақтандыру сапасына тиісті критерийлерді нақтылауымыз керек. Сондықтан біз ерекше тəртіп бойынша жүргізілу керек дегенді қолдаймыз», – деді Смайылов.

Демпинг….

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазір бірқатар аурухана, мектептерде де демпинг бағамен алынған тамақтар сапасыз екенін айтты.

«Ертең əскери мекемелерде де осындай жағдай болуы мүмкін. Сондықтан бұны біз дұрыстап қарауымыз керек. Жаңа айтқандай, мектептерде, ауруханаларда, əскери орындарда ешқашан демпинг бағаны қолдауға болмайды.

Себебі осы мекемелердің барлығында не болып жатқанын қараңыздар. Мектептерде баға – демпинг, бұнда қандай сапа, қандай балалардың денсаулығы туралы айтуға болады?

Медициналық мекемелерде де сондай жағдай. Сондықтан бұны екінші оқылымға дейін мұқият қарау керек. Қажет болса, осы санаттарды, яғни мектептерді, медициналық мекемелерді, əскери бөлімшелерді («Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның қолданылу аясынан -авт.) шығарайық», – деді Нығматулин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here