Эмир Байғазин түсірген «Өзен» («Река») фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесері 4-қыркүйекте өткен болатын. «Көкжиектер» атты конкурстық бағдарламасында отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуының жаңа тенденцияларын ұсынатын көркем 18 авторлық туындылар қатысты. Мерейтойлы Венеция фестивалінің жеңімпаздарын 8-қыркүйекте жария етті.

Атаулы «Үздік режиссер» жүлдесін – «Арыстанды» – фестивальдің марапаттау салтанатында Польша продюсері Агнешка Пучило алды. Өйткені режиссер Эмир Байғазин марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Ол «Өзен» фильмін Торонто кинофестивалінде таныстыру үшін Канадаға арнайы барған болатын.

Айта кетсек, Эмир Байғазин бұл фильмнің сценарий авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар картинаның монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Трилогияның соңғы бөлімінің (трилогияның алғашқы екі бөлімі – «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») және «Төрт оқиға» («Раненый ангел») фильмдері жарыққа шығуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ,  Польшаның кино институты және Sorfond  (Норвегия)  атсалысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here