Әкімшілік әділетті сот қарапайым азаматтардың мүддесін қорғайды

0
549

Еліміз тәуелсіздікке ие болған күннен бастам еліміздің сот жүйесі заман талабына сай дамып келеді. Осы 30 жыл ішінде еліміздің сот жүйесі бірқатар маңызды реформаларды бастан кешіргені белгілі. Сот жүйесін жетілдіріп, заман талабына сай ету үшін реформалар үздіксіз жүргізілуі тиіс. Бұдан қауіптенудің қажеті жоқ. Биыл шілде айының басынан бастап еліміздің сот жүйесінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі заңы қабылданып, сот ісін жүргізудің жаңа түрі іске қосылды.  Осы ретте көпшілік арасында «жаңа кодекстің мақсат-міндеттері қандай, мемлекет пен қоғамға қандай пайдасы бар, жаңадан құрылған әкімшілік соттар қалай жұмыс істейді?» деген көптеген сауалдар туындап жатқаны белгілі. Ендігі кезекте осы сұрақтарға білікті мамандарды тарта отырып жауап бергенді жөн санап отырмыз. Осы ретте «Қала мен Дала» газетінің оқырмандарына ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин жаңа «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодекстің қоғамдық өмірімізде алатын мәні мен мазмұны жайында кеңінен баяндап берді.

– Қазақстанда бұған дейін қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сот ісін жүргізудің үш түрі болды. Енді төртінші түрі – билік органымен дауда ең әлсіз тарапты қорғауға бағытталған әкімшілік әділеттің іске қосылып отыр. Айталық, қандайда бір азамат пен жергілікті әкімдік арасында дау туындайды. Мұндай жағдайда тараптардың арасындағы дау азаматтық процестік іс тәртібі бойынша қаралатын.

Азаматтық іс бойынша екі жақтың талабы теңдей тыңдалады. Қай тарап іске қатысты дәлелін көп келтіріп, сотты сендірсе сол тарап жеңіп шығатын-ды. Сот барысында қарапайым адам әкімдіктің шешімінің қате екенін нақты дәлелдерімен көрсетуі керек. Бұл іс оған қиын соғатыны жасырын емес.

Қолында әкімшілік ресурсы бар әкімдік пен қарапайым адамның күші тең емес. Мемлекеттік органдар мен ірі мекемелерде білікті заңгерлер жұмыс істейтіні белгілі.  Олардың бәрі әкімдіктің шешімі заң жүзінде дұрыс екенін дәлелдеп бағады. Ал заңды жетік білмейтін қарапайым адам бұдан кейін сотта жеңілетіні анық.

Осыдан кейін ел азаматтарының жергілікті билік орындары мен сот жүйесіне деген көңілі қалатыны айтпаса да түсінікті. Жаңа кодекс осы олқылықтарды реттеп, халықтың еліміздегі әділ сот жүйесіне дегені сенімін арттыра түсетіне сенімдімін.

Бүгінде мемлекеттік органдармен қарапайым азаматтардың арасындағы болған сот істерінің 85 пайызы мемлекеттік органдардың мүддесіне шешілгеніне анық байқауға болады. Демек қарапайым халықтың мүддесін қорғайтын сот жүйесін дамытудың маңызы зор.

Сол себепті елімізде «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексі қабылданып, бұдан былай қарапайым азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы сот ісін Әкімшілік әділет сот қарап, істің әділетті шешілуне ықпал ететін болады.

– Сонда жаңадан қабылданған «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексі қарапайым халықтың мүддесін көздейтін сот жүйесін қалыптастыруға негіз бола ма?

– Дәл солай. Сотқа шағымданған кез келген азамат әу бастан әлсіз тарап болып саналады. Бұдан былай сот органдары оған арыздағы талаптарын дұрыс көрсетуге, тіпті оның түрін өзгертуге дейін көмектесе алады.

Бұдан басқа судьялардың тараптарға көмек ретінде жекелеген құқықтық мәселелер бойынша алдын ала өз пікірін айтуға құқық береліде. Ал Кодекс бойынша арыздың 4 түрі бар – даулау, мәжбүрлеу, іс-әрекетті жасау және тану туралы.

Жаңа кодекс бойынша тараптар арасындағы дау-шарлар жаңа приципте қаралады. Өйткені тараптардың мүмкіндігі тең емес. Сот жекелеген адам мен кәсіпкерлерге заң аясында барынша көмек көрсетеді.

Осыған дейін әкімдікті сотқа берген талапкер әкімдіктің шешімінің заңға қайшы екенін дәлелдеуі тиіс еді. Ал жаңа кодекс бойынша әкімдік қызметкерлері өздерінің қабылған шешімдеренің заңға сәйке екенін Әкімшілік әділетті соттың алдында өздері дәлелдеуіне тура келеді.

Талапкердің арызы Әкімшілік әділетті сотқа келіп түсіп, тіркелгеннен кейін автоматты түрде іс қозғалып, іс қаралатын болады.

Мысалы, қарапайым адам әкімдікке жер тілемін сұрап арыз түсіріп, артынша қанағаттанбайтын жауап алса, ол Әкімшілік әділетте сотқа шағымдана алады. Сот істі қозғағаннан кейін талапкер өз ісінің заңға сай екенін сот алдында дәлелдеп жатпайды. Бұдан былай билік орындары өздері қабылдаған шешімдерінің заңға сай екенін Әкімшілік әділетті соттың алдында дәлелдейтін болады. Яғни, заң шеңберінде жер телімін сұраған азаматқа өз шешімінің заңға қайшы емес екенін дәлелдеуіне тура келеді. Әкімдік сот барысында өз шешімдерін дәлелдей алмаса, ұтылады.

– Кейбір кездері әкімдік пен азаматтардың арасындағы соттарда әкімдік қызметкерлерінің жауапты тұлғалары сотқа келмей-ақ ұтып кетіп жататынын білеміз. Енді мұндай жағдайлар орын алмай ма?

– Бұдан былай билік орындары сотқа келмей, қажетті дәлел құжаттарды ұсынбаса оларға 20 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондықтан билік орындарының алдағы уақытта сотқа қатыспай қалуы күрт төмендейтіне сенімдімін.

Тағы да айта кететін мәселе, Әкімшілік әділетті сот орындары билік орындарының сот шешімін орындау ісін бастан-аяқ өздері бақылайды.

Жаңа кодекске сәйкес билік орындары сот шешімін орындағанын Әкімшілік әділетті сотқа хабарлауға міндетті. Егер билік орындары соттың шешіміне жүрдім-барлым қарап оны орындамаса, Әкімшілік әділетті сот билік орындарына 50 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салады. Егер олар бұдан кейінде сот шешімін орындамаса, айыппұлдың мөлшері 100 есептік айлық көрсеткішке дейін өседі. Бұдан кейін де сот шешім орындалмаса Әкімшілік әділетті сот билік орындарының жауапты тұлғасының үстінен қылмыстық іс қозғайтын құқы бар.

– Қанат мырза, Әкімшілік әділетті соты еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істей ма?

– Еліміздің барлық облыстары мен Семей, Қаскелең, Жезқазған және Екібастұз қаласында жұмыс Әкімшілік әділетті сот жұмысын бастап кетті. Осы ретте Жоғарғы Сотта және облыстық соттарда әкімшілік істер бойынша сот алқалары құрылғанын айта кетуіміз керек.

Үстіміздегі жыды Әкімшілік әділетті сотта жұмыс істейтін 180 судья дайындықтан өтті. Олардың бәрі жаңадан қабылданған «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодекс бойынша жұмыс істеп, істі қарай алады. Жаңа сот жүйесінде жұмыс істеуге ықылас танытқан судьялар арасында өткен жылдың тамыз айынан бастап түрлі вебинарлар ұйымдастырылғанын айта кетуіміз керек. Осы ретте жаңа сот жүйесі бойынша біліктілігін жетілдірген мамандар Германия, Латвия, Эстония сынды Еуропа елдерінің іс-тәжірибесін сарапқа салғанын айта кетуіміз керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here