Маминнің атап өткеніндей, жұмыс күндері жұрт жиі баратын сауда орталықтар, ашық және жабық базарлар, балаларға арналған аттракциондар тек сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
“Ashyq” жобасына қатысатын нысандар, соның ішінде фитнес орталықтар, қоғамдық тамақтану орындары, спорт объектілері, моншалар, бассейн және кинотеатрлар сағат 20:00 дейін жұмыс істеуге рұқсат алады.
Айтпақшы, қашықтан жұмыс істеу форматына қайта оралдық.
Үкімет бұйрығы бойынша вакциналанған және соңғы 3-4 айда індеттен жазылып шыққан азаматтарды қоспағанда, барлық мекемелердің 80 пайыз қызметкері үшін қашықтықтан (онлайн) жұмыс істеу форматы енгізіледі.
Мамин осы арада барлық өңірдің әкімдеріне мынадай тапсырма берді:
“Денсаулық сақтау жүйесінің барша ресурстарын жұмылдыру қажет. Соның ішінде резервтегі төсек-орын мен дәрі-дәрмек, індетпен күресуге қажетті қорғаныш құралдары, меджабдықтарды сайлап қойыңыздар. Ең бастысы, осы жұмысты атқаратын кадрларға көңіл бөліңіздер. Алғашқы мед-санитарлық көмек жұмысына ерекше назар аудару қажет”, – деді ол.
“Қызыл” аймақта тұрған өңірлердің атын атадық.
Ал «Сары аймақта» әзіргі күні: Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстары тұр. «Жасыл аймаққа» ШҚО және Түркістан облыстары кірген. Еліміздегі қазіргі таңда 4,6 млн-нан астам тұрғын немесе вакцина алуға жататын азаматтардың 46,5 пайызы алғашқы компонентті, 2,5 млн-ға жуық адам екінші компонентті алып үлгерген. Қазақстандықтарды вакцинамен қамтудың ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында – 23,6 пайыз, Ақтөбе облысы және БҚО-да 39 пайызды құрап отыр.