Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» Достық үйінің логотипін ойлап табу үшін суретшілер мен дизайнерлер арасында арнайы байқау ұйымдастырғанын жария етті.

Байқауға қатысу үшін тапсырыс 2020 жылдың 14-19 қазаны аралығында қабылданады. Жарияланған мерзімнен кейін берілген жобалар қабылданбайды және байқауға қатыспайды.

Ұсынылған жобалар конкурстық комиссияға жіберіледі.

Байқаудың талабы:

– логотип жобасы (бірнеше тұжырымдар мен түстер).

– кез келген бейнелеу құралдарымен, соның ішінде компьютерлік графикамен безендірілуі мүмкін.

– қағаздағы жұмыстар А4 форматында орындалады.

Электрондық пошта арқылы жіберілген жұмыстар «Логотип байқауына» белгісімен JPG форматында қабылданады.

Файл форматы – CDR, JPG. Растрлық бейнелеу үшін – CMYK түстер жүйесі (түрлі-түсті басып шығару), кескін өлшемі: көлденеңінен 300 мм тігінен 200 мм, ажыратымдылығы 200-300 dpi. Бір автордан (авторлар тобынан) бірнеше жоба қабылданады.

Өтінім үлгісі қоса тіркеледі.

Жобалар мына мекенжайға жіберіледі: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қаратал ш/а 36А. Электрондық пошта арқылы: dom-druzhby@mail.ru «логотип байқауына» айдарымен JPG форматында қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 771 402 61 57. Байқау жеңімпазы 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here