Еңбек мигранттарын құжаттандыру ісі оңтайланды

0
1596

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Ішкі істер министрлігімен және Алматы қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету (МХҚО) орталығын ашты.

Айта кету керек, шетелдік жұмысшылары көп оңтүстік астанада биылғы жылдың басынан бері миграция бағыты бойынша 50 мыңнан аса қызмет көрсетілген. Енді еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады.

Бұл – еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін  үшінші орталық. Алғашқысы осы жылдың басында Астанада, екіншісі шілде айында Шымкентте ашылған болатын.

Бұрын шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарын рәсімдеп, бірнеше күн жүретін. ЖСН алып, салық мәселесін шешіп, медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу үшін бірнеше мекемені аралауға мәжбүр еді.

Енді шетелдіктер құжаттарды бір жерде, бір сағаттың ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.

– Миграциялық халыққа қызмет көрсетуде шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді белгіленген уақыт ішінде регламентке сай бизнес үшін тиісті құжаттарды электрондық кезек арқылы арнайы жабдықталған жұмыс орындарында ала алады. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы. Жаңа МХҚО жұмыс барысын жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға жол ашады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here