Ғалымдарды ғана емес, Жер шарының әрбір тұрғынының назарын бір өзіне аударған атышулы Галлей кометасы қазіргі кезде жерден қашықтап бара жатыр. Әрине, ол 70 жылдан соң қайта оралады. Яғни Галлей кометасының өз орбитасын айналып шығу уақыты 70 жылға жуықтайды.

1986 жылы Галлейді бірнеше автоматты стансалар мұқият зерттеуді бастаған болатын. Батыс Еуропаның астрономдары комета қанша алыстаса да көз жазбай бақылауда. Ғалымдардың телескоп-рефлекторы Чилидің биік тауларының біріне орналасқан. 1991 жылы 12 ақпанда Галлей кәдімгі күйінен өзгеріп, жарқ етті де, жарықтануы бұрынғы қалпынан үш еседей артты. Нәтижесінде, кометаның ядросы ұзындығы 300 мың шақырымдай шаң-тозаңды сыртқа бөліп шығарды. Басқаша айтсақ, көлемдегі «құйрыққа» ие болды. Бұл таңғаларлық жағдай.

Астрономдардың айтуынша, кометалар «құйрыққа» тек Күнге жақындағанда ғана ие болуы тиіс еді. Өйткені өз орбитасымен келе жатқан комета Күнге жақындағанда қатты қызады. Күннің керемет күшті қызуы кометаның ядросындағы қар конглемератын, мұзды, газдар мен ғарыштық шаң-тозаңдарды қозғалысқа әкеледі. Сондай-ақ оларды белгілі мөлшерде сыртқа бөліп шығарады.

Ал Галлейдің Күннен әлдеқайда қашықтағы сонау Сатурн мен Уранның арасында жүріп-ақ жарқ етуі және орасан ұзын «құйырққа» ие болуы астрономдарды сан түрлі ойға салады.

Әйтсе де, көпшілік ғалымдардың болжамы бойынша Галлейдің «құйрығы» газдардан емес, тек шаң-тозаңнан тұрады. Ағылшын астрономы Дэвид Хьюз мынадай қызық пікір айтты. Яғни «Галлейдің бұл құбылысына себеп – оның шағын метеоритпен соқтығуынан болды. Хьюздың есебі бойынша, бір грамм массалы метеорит соқтығу кезінде 10 мың куб сантиметр кометалық заттарды кесіп түсе алады.

Қай комета болса да мұндай соқтығудың нәтижесінде бірнеше бөлініп кетуі мүмкін және бізге жақындап оралғанда майда ұсақ күйде жетуі де ғажап емес. Ал мұндай жайттар кометалар өмірінде болған.

Айнұр ЖҰМАХАН

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here