Ешкім де ұмытылмайды

0
1567

Алматы облысында Жеңіс күніне орай акция-челлендж ұйымдастырылды

Алматы облысының әкімдігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай #ешкімдеештеңедеұмытылмайды# хэштегімен қазақ және орыс тілдерінде акция-челлендж бастады.

Жоба шеңберінде облыс әкімі баспасөз қызметінің «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі ZhetysuPress ресми  парақшасында осы шараға қатысуға ниет білдірген облыс тұрғындарының бейнеқұттықтауы жариялануда. Бүгінгі күнге бейнероликтердің саны 50-ден асты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл жоба жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, бірліктің маңызын насихаттауға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сол зұлмат соғыс жылдарының ауыртпалығын қайыспай көтерген барша жандарға алғыс білдіруге бағытталған. Шартына сәйкес аталған акция-челленджге облыстың кез келген тұрғыны қатыса алады. Ниет білдірушілер ардагерлерге алғыс айтып, Ұлы Жеңіс күніне орай құттықтау тілегін арнап, ән салып, өлең оқып, соғысқа қатысқан туыстары туралы естеліктер айтуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде парақшаға облыс тұрғындарының 50-ден астам бейнежазбасы орналастырылған, олардың ең кішкентайының жасы 4-5-терде. Бейнероликтердің жалпы қаралымы 40 мыңнан асты, 1 мыңнан астам пікірлер жазылды, соның ішінде жекелеген роликтер 1700-ден астам рет қаралған.  

Бейнеқұттықтаулар әлі де көптеп түсуде, акция 8-мамырға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша ең көп қаралым жинап, танымалдыққа ие болған бейнеқұттықтау 9-Мамыр күні акция-челленджге белсене қатысқаны үшін алғыс білдіріліп, парақшаға қайталай орналастырылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here