Күшік

Күшік, күшік,

Көшені шарлап жүрсің.

(Сырын ішке бүккен көз,

Айлаң құрсын!)

Жақынсынар

Іздеді ол әлдекімді,

Жалғыздығын

Әлемде… қайдан білсін!

Үйренбеген

Алуды баста-ақ беттен,

Мейірім ол

Күтеді асқақ көптен.

«Алып кет» деп

Айтады енді кімге.

Ол иесін

Іздей ме тастап кеткен?

Мүсіркесіп

Өтуде ел, көп қарасып.

Бір еркелер –

Білсе де тоқтамасын.

Сипағансып

Біреуі сәл тұрды да,

Автобусқа

Мінді тез, жоқ шамасы.

Кетердей

Үйреніп кім-кімге де,

Ешкім алып

Кетпеді, бір түнге де.

Мен де сырттай

Тек қана тон пішіппін,

Қарап қалған

Маған да жол құшып, Мұң.

Енді маған

Ереді, жүріп келем. 

Соңғы үміті сияқты

Сол күшіктің…

Қоян еді

Күн мен айна, Жарқылы.

Ұшқан алтын ба ең?

Қоян болып қалқыды,

Ұстап алдым мен!

Күнді сүйген көжек,

Секең-секең қаштың.

Өзімді-өзім тежеп,

Таппай сені састым.

Қабырғаны аладың,

Төбелерге тығылып.

Көз жазып-ақ қалғаным,

Бұрыштарға бұрылып,

Аңдып сені кірдім,

Жарықтан сақ тұрады.

Күндей қоян құрбым,

Таппай сағым сынады.

Владимир Краснер, ақын

Жол

Мынау жолдың үстімен,

Кімдер жүріп өтпеген.

Таяқ жеп әлсіз күштіден,

Мақсатына жетпеген.

Арман қуған адамдар,

Осы жолмен ағылған.

Жақсы менен жамандар,

Қай жерде де табылған.

Байқағанға аңғарып,

Жолдың сыры мол-ақ қой.

Өкінбейік, ау, қалып,

Өмір жолы шолақ қой.

Мектебім

Мектебімнің есігін,

Әліппемен ашқанмын.

Анамының жазып есімін,

Қуанып қадам басқанмын.

Екінші анам – мектебім,

Жақынсың маған басқадан.

Күз бенен қыс, көктемім,

Көңіліме құйған асқақ ән.

Аламын сенен мол білім,

Жыл сайын құйып санама.

Көрсеткен маған жолды кім,

Жылдарды салып араға.

Кеудеме тағып алау гүл,

Өмірімді жайнаттың.

Мектебім сенсің, қалаулым!

Бұлбұлдай мені сайраттың.

Сондықтан да мен саған,

Борыштармен мәңгілік.

Борышын сезе білу де,

Адамдыққа тән қылық.

Айгүл Ормаханова, 10-сынып оқушысы

Жетісай қаласы, Түркістан облысы

Білім күні

Аула іші көңілді,

Шуақ шашып қойғандай.

Бала – әлемнің жүзінен,

Төгіледі нұр қандай?!

Сыңғырлаған немене?

Қоңыраудың үні ғой.

Қуанышты бәрі де,

Бүгін Білім күні ғой.

Нұргүл Шамшадинова, 7-сынып оқушысы.

Арал ауданы, Қызылорда облысы.

Сәукеле

Нұрлы жүзге сән төге,

Ел назарын бұратын.

Сенсің бізге сәукеле,

Тек жарасып тұратын.

Шынар Ысқақова, 5-сынып оқушысы

Жаркент қаласы, Алматы облысы

Тұсау кесер

Нені білді сол бала,

Жан-жағына қарайды.

Тұрмай қойды қолға да,

Тек тәттіні қалайды.

Тұсау кесті, той болды,

Ет желінді, қол жуып.

Сәби сәні келді енді,

Атқа мінер ол жігіт.

Эльмира Нұрмағамбетова, 5-сынып оқушысы.

Жыңғылды ауылы, Маңғыстау облысы.

Наурыз

Наурыз құтты болсын!

Күттік жыл берекелі.

Жасыл ту тікті дерсің,

Жер мен көк мерекелі.

Жаз

Жарқылдап жаз келді,

Үйрек пен қаз келді.

Маса, шыбын көбейіп,

Мазалапты бар елді.

Дәурен Әлиасқар, 6-сынып оқушысы

Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here