Болашақ педагогтардың тәжірибесі артуда

0
1964

Ұлттық білімнің қайнар бұлағына айналған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өзіндік даму жоспарының барысында қоғам мен ұлтқа керекті істерді атқарып келгені бесенеден белгілі, тарихтан дәлел. Ұлттық педагог кадрларды даярлауда және оларды жұмыспен қамтуда жоғары көрсеткіштерді көрсетіп жүр. Абай университетінің әрбір жоспары мен бағдарламасы білім алушының нәтижесіне бағытталған. Мұның дәлелін Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттеріне деген сұраныстан байқауымызға болады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті даму шеңберінде тоқтап қалмауды жөн санап, 2019-2020 оқу жылында педагогикалық мамандықтағы 4-курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесін 1 жылға созды.

Бұл биылғы оқу жылында Пилоттық жоба ретінде енгізілді. Білім алушылар қыркүйек айынан сәуір айының соңына дейін іс-тәжірибеден өтеді. Бұл жоба егжей-тегжейлі ойластырылып, 2019/2020 оқу жылына Ғылыми кеңестің шешімімен енгізілді.

Ағымдағы жылдың 11-ақпанында Алматы қаласы білім басқармасы, Жетісу аудандық білім бөліміне қарасты №43 жалпы білім беретін мектепте өткен ашық сабаққа Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев арнайы қатысты. Ашық сабақтағы кемшіліктер туралы ой бөлісіп, мектеп директоры аудандық білім бөлімінің мамандарымен ой-талқы құрды. Мектеп директоры және аудандық білім бөлімнің мамандары бір жылдық тәжірибенің дұрыстығын және алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істеудің нәтижелі болатынын жеткізді.

Еңбек нарығындағы қазіргі жағдай жоғары білім берудің барлық жүйесін сапалы білімді меңгерген, нақты сұранысқа ие, қазіргі заманғы практикамен және дағдылармен, сондай-ақ қалыптасқан кәсіби тәжірибемен кадрларды даярлауға қайта бағдарлауды талап етеді.

Осындай мамандарды дайындау және педагогтердің мәртебесін арттыру үшін Мемлекет басшысы мен ҚР БҒМ барлық мүмкіндіктерді жасауда. Білім беру саласын дамыту бойынша берілген бағдарламаларды орындау салалық университеттердің міндеті.

Бұл бағытта еліміздің алдыңғы қатарлы педагогикалық университетінде ректор Такир Балықбаевтың басшылығымен оқытушылардың біліктілігі мен жалпы білім беру сапасын арттыру, соның ішінде педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Алғашқы табысты нәтижелер бар.

Римма ЖАНБАЕВА

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here