Зорлау және мал ұрлығы қылмысының жазасы күшейтілді. Неге?

0
1374

Бас прокурордың орынбасары Тоқаев тапсырмасы негізінде – қасақана адам өлтіру, педофилия, барымташылық, зорлық-зомбылық, есірткі саудасы, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы қылмыс үшін жазаның қатаңдайтынын айтты.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліс талқылауына ұсынып, бұдан былай кейбір қылмыс түрлерінің жазасы қалай өзгеретінін айтып берді.

Ахметжанов осынау түзетулердің Тоқаевтың тапсырмасы негізінде қасақана адам өлтіру, педофилизм, барымташылық, зорлық-зомбылық, есірткі саудасымен айналысқандар, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы қылмыс үшін жазаны қатайту мақсатында әзірленгенін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, Мәжіліс қарауына ұсынылған заң жобасы бірнеше бөліктен тұрады. Заңның алғашқы бөлігінде барымташылар, мал ұрлағандар үшін жазаны күшейту ережесі қарастырылған.

 Заң жобасын бірнеше блокқа бөлуге болады. Бірінші заң топтамасында мал ұрлығы үшін жауапкершілікті күшейту ережесі қарастырылған.

– Неге десеңіздер соңғы жылдары барымташылық ұйымдасқан қылмысқа айналып кетті. Ал ұйымдасқан топтың артында әлдебір аға-көкесі, шенді-шекпенді, тіпті полиция қызметкерлері де бар. Осы себепті де жаза күшейтілді. Бұған дейін ұрлығының үстінде ұсталған азамат келтірілген зиянның орнын толтырып, кейін қылмыстық іс тараптардың ымыраға келуіне байланысты тоқтатылатын.

Осылайша, тергеу орта жолдан үзіліп, бұған жауапты адамдар жазадан құтылып кететін еді. Біздің мәліметке сәйкес, мал ұрлығында тараптардың 60 пайызы татуласып тынады екен.

Ұрланған малды қайтарғаннан кейін мал иесінің көңілі орнына түсіп, ал ұры абақтыға қамалмай, келесі жолы тағы біреудің қорасына түседі. Сондықтан қылмыстың бұл түріне қатысты жазаны күшейту керек.

Заң жобасындағы жазаға тоқталар болсам, қылмыстың қарапайым құрамы үшін – 5 жылға дейін, алдын ала сөз байласу арқылы ұрлағаны үшін – 7 жылға дейін, қайта ұрлық жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр. Егер де бұл ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған болса, ендеше 12 жылға абақтыға қамалады», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Ал егер бұл әрекетті қылмыстық топ жасаған болса, онда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді Ахметжанов.

Тоқаевтың тапсырмасы негізіндегі тағы бір заң зорлық-зомбылыққа қатысты.

Ахметжанов айтып өткендей, бұдан былай адам зорлағандарды ауыр жаза күтіп тұр. Сексуалдық зорлық-зомбылық орта категориядан ауыр қылмыс санатына ауысады.

«Ендігі жерде тараптардың келісімге келуіне жол берілмейді. Әсіресе балаларға жасалған зорлық-зомбылық ерекше ауыр қылмыстарға жатқызылады.

14-ке дейінгі баланы зорлағандарды 20 жылға дейін немесе ғұмыр бойы бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Мәселен, интернатта тәрбиеленетін ұл-қыздарға тәрбиешісі қол жүгіртер болса, тиісті жауапкершіліктен жалтара алмайды», – деп атап өтті Ахметжанов.

Педофилия туралы жалған ақпарат бергендер де жазадан құтылмайды. Жалған факті жасағандар үшін жаза қатаңдайтын болады.

Сондай-ақ педофилия туралы жалған фактілер жасағаны үшін жаза күшейтілуде.

Заң жобасында қоғамда пікірталас туғызған табиғатқа қарсы қылмыстар туралы талаптар бар.

– Бүгіндері заңсыз аң аулау, балық аулау, жойылу алдында тұрған жануарларға қырғидай тию секілді әрекеттер құқықбұзушылыққа жатады. Бұдан былай мұндай әрекеттер орташа қылмыстың санатына енеді. Тиісінше, оның жазасы да қатаңдайды.  

Айталық, қазірге дейін айыппұл көлемі 500 000 теңгені құраса, бұдан былай заңсыз аң аулағандар 10 млн-ға дейін айыппұл арқалайды.

Қоршаған ортаға зиян тигізген әрекеті үшін азаматты 50 тәулікке қамауға алуға болады, егер бұл ісін қайталар болса 4 жылға дейін абақтыға қамалады.

Осы қылмыстар мемлекет деңгейінде қорғалатын қорықта жасалған не болмаса браконьерлер қайықтармен ұсталса, 6 жылға жазаланады. Егер бұл қылмыстық топ болса онда 10 жылға дейін бостандығынан айырылып, қылмыс құралы болған керек-жарақтары тәркіленеді», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Көлік рөліне мас күйінде отыратын азаматтарды да қатаң жаза күтіп тұр.

Ахметжановтың атап өткеніндей, енді рөлге мас күйінде отырған адам өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here