Екі қылмысы бірден әшкере болды

0
990

Жамбыл облысы полиция қызметкерлері Байзақ ауданының құмға жақын аймағында жабайы қарасора жинаумен айналысқан 21 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Тінту жұмыстары барысында күдіктіден 8 келі кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ тергеу амалдарын жүргізу кезінде күдіктінің Байзақ ауданына қарасты шаруа қожалығының біріне тиесілі екі бас жылқы малын ұрлауға қатыс бар екені анықталды. Бүгінде жылқылар табылып, иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының  4-бөлімімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және ҚР ҚК-нің 188-бабының  2-бөлімімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here