Президенттік жастар кадрлық резерві – тамаша әлеуметтік лифт

0
2459

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып қызметке кіріскенде мемлекеттік басқару ісіне жастарды тартудың маңызы зор екенін алға тартып, бұл бағытта Президенттік жастар кадр резервін әзірлеуді тапсырған болатын.

Қазіргі таңда Президенттің тапсырмасы негізінде Президенттік жастар кадр резервін жасақтау ісі қарқынды жүруде. Бұл бағыттағы жұмыстар pkrezerv.kz онлайн-платформасын пайдалану арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жүйе  іріктеу жұмысының ашықтығын және адам факторын болдырмауды толығымен қамтамасыз етеді.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің алдағы кезеңдерін қызметтің тиісті бағыттары бойынша жоғары білікті сарапшылармен, сондай-ақ кандидаттардың құзыретін анықтау үшін арнайы оқудан өткен сертификатталған бағалаушылармен, кәсіби супервизорлармен бағалайды.

Бүгінде Президенттік жастар кадр резервінің бастапқы үш кезеңі аяқталып, оның қорытындысы бойынша 549 қатысушы іріктеудің келесі кезеңі – «Әлеуетті бағалауға» сәтті өткені мәлім болды.

Бұл жоба жастарды ілгерілету үшін тиімді әлеуметтік лифт болмақ және мемлекеттік қызметті сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Президенттік жастар кадр резервін құру мемлекеттік міндеттерді шешу үшін мүлдем жаңа жас басқарушылардың әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, жастарға Тәуелсіз Қазақстанды заман талабына сай дамыту ісіне араласатын мүмкіндік туып отыр.

Айнұр ЖҰМАХАН

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here