Жастар жылында көптеген іс-шаралар қолға алынып, жастарды кемел келешекке бастайтын маңызды жобалар жүзеге асып жатыр. Қазір де бұл бағыттағы жұмыстар толастаған жоқ. Күні кеше Алматы қаласында  26 қыркүйек күні «Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты республикалық жас кітапханашылардың слеті болып өтті. 

Екі күнге созылған шараны Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана ұжымы ұйымдастырды. Слеттің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға  қызмет көрсетуді ұйымдастырудың формалары бойынша жас кітапханашылардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру және еліміздің  арнайы кітапханаларында кітапхана саласын дамытудағы жас кітапханашылардың шығармашылық жұмыстарына басымдық беру. Алқалы басқосуға Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың 9 облыстағы бөлімшелерінде еңбек етіп жүрген жастар қатысып, зағып жандардың кітап оқып, рухани құндылықтарды бойына сіңірудің маңыздылығын жан-жақты талқылады.

Жас кітапханашылар мен арнайы кітапханалардың жоғары жетістіктері туралы «Рухани Қазына – 2019» фестиваліне қатысушылар мен жүлдегерлер көпшілікке арналған баяндама жасады. Сонымен қатар арнайы кітапханалардың қызметі мен әлеуетін қоғамның барлық салаларында және әлеуметтік желілерде кеңінен  насихаттау мақсатында шеберлік сағаттары да ұйымдастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here