Жастарды әлеуметтік-кәсіпкерлікке үндейтін бағдарлама

0
2088

Impact Hub Almaty алаңында Жастар жылы аясында  «Social Impact Award» жастарға арналған халықаралық бағдарламасының қорытындысы шықты. Естеріңізге салсақ, бұл шара биыл «Шеврон» компаниясы қолдауымен екінші рет ұйымдастырылды. Бағдарлама еліміздегі 18-30 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік жобаларын қолдауға бағытталған.

Ұйымдастырушылар бағдарламаға қатысу үшін еліміздегі жастардан 90-нан астам өтінім келіп түскенін алға тартты. Іріктеу кезеңінде 17 жоба үш айлық инкубациялау кезеңінен өтіп, тәлімгерлермен жұмыс істеген.

Жастар жайындағы жобалар білім алуға, жұмысқа орналасуға, қоршаған ортаға және қарт адамдармен жұмыс істеуді көздейді.  

Алдағы уақытта үздік төрт жобаның авторларына жалпы сомасы 2 000 000 теңге көлеміндегі грант беріліп олар жобаларын барынша шыңдау үшін үстіміздегі жылы 3-7 желтоқсанда Украина астанасы Киевте өтетін Әлемдік әлеуметтік ықпал ету саммитіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.  

Бүгінде Social Impact Award Еуропа елдеріндегі жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы ең ірі бағдарламасы саналады. Бұл бағдарлама Қазақстанда 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді.

Осы бағдарлама Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы университеттерден 300-ден астам жастардың басын қосып, 13 тегін воркшопын және 6 ақпараттық сессиялар ұйымдастырған болатын. Ал әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаларын дамыту бағытында бағдарлама бойынша жастардан құралған 25 командаға қолдау көрсетілгенін айта кетуіміз керек.

Social Impact Award бағдарламасына қатысқан «Саналы ұрпақ» жобасының негізін қалаушы Екатерина Ли өз ойын былайша жеткізді:

– Social Impact Award бағдарламасына қатысу арқылы жаңа тәжірибемен дағдыларды меңгердім. SIA Kazakhstan жас әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға назар аударады және бұл өте маңызды бағдарлама. Мұнда сіз акулалардың арасында емес, әріптестеріңізбен біргесіз. Мен тәлімгермен керемет кездесу өткізіп, көп іс-тәжірибе жинадым,  – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here