Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қосымша гранттардың бөлінетінін айтты.
«Өкінішке қарай, конкурсқа қатысқандардың ішінде грантқа түспегендер де бар. Алдағы уақытта бекітілген тәртіппен үкіметтің тиісті қаулысына өзгеріс енгзіледі де, қосымша үш мыңнан астам грант басым бағыттар бойынша тағайындалады», деді Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қосымша гранттар техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша беріледі.

Жалпы, конкурс кезінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша үш мыңнан астам грант игерілмей қалды. Дәл осы гранттар үкімет қаулысымен басым бағыттарға қайта таратылатын болады. Ал қосымша гранттардың жалпы саны сегіз мыңнан асады.

«Сонымен, биылғы конкурсқа бөлінген 53 785 грант бар. Оған қоса, Президент тапсырмасы бойынша берілетін 5 мың грант бар. Жергілікті атқарушы органдардың есебінен жыл сайын кемінде үш мың грант беріледі. Сондықтан конкурсқа қатысқан 64 452 талапкердің басым бөлігі грантпен қамтылады», деп атап өтті Жақыпова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here