ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі биыл Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында тегін медициналық кепілдендірілген көмек бойынша құны 781 млн теңгеден асатын 1940 операция жасалғанын хабарлады.  

Министрліктің таратқан мәліметтерімен танысқанымызда дәрігерлер нейронавигация тәсілін қолданып омыртқаға –  24, вертебропластика бойынша – 34,  торакопластика –  11, артроскопия – 380, эндокорректор спондилодез – 34 операция, 161 адамның ұршық буынын,  129 науқастың тізе буынын толық ауыстырып, ота жасағандарын білдік.

Бүгінде елімізде жоғары технологиялы медициналық қызметтер ТМКК аясында азаматтарға тегін көрсетіледі.  Айталық, бір отаның 170 мыңнан басталып, 1,7 млн теңгеге дейін жоғарылайтынын ескерсек, мемлекеттің ел азаматтарының денсаулығына қаншалықты көмек-қолдау көрсетіп отырғанын байқауға болады. Редакция поштасына келіп түскен мәліметке сүйенсек, 2015-2018 жылдары «Травматология және ортопедия» бойынша жоғары технологиялы медициналық қызмет саны 3360-тан 3813-ке дейін өскен. Мәселен, тізе  буынын эндопротездеу –  470-тен 594-ке, жамбас буыны – 712-ден 741-ге, артроскопиялық операция 1247-ден 1288-ге артқан.

Осы ретте Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында шеміршек тінін өсіруде клеткалық технологияны пайдалану тәсілі де ойдағыдай дамып келеді екен. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here