Алматы халқы «Нұрлы жердің» игілігін көруде

0
1399

Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бір жарым мың қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болады.

Бұл туралы мемлекеттік баспана бағдарламасын іске асырушы банк өкілдері мәлімдеді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында өмір сүруге қолайлы жағдай жасау туралы атап айтқан болатын.

Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны ерекше. «Саялы» шағын ауданы – қаланың Алатау ауданында орналасқан.

Сәулетшілердің жоспары бойынша, бірнеше жылдан соң тұрғын үй кешені жан-жақты дамыған жайлы мекенге айналмақ. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алғандар қолжетімді баспананың тиімділігін айтады.

– «Нұрлы жер» бағдарламасымен конкурс болып жатқанын естідік. Соған баспана кз сайты арқылы өтініш бердік. Құжаттарымызды жинап, үйімізді алдық. Үш ай болды тұрып жатқанымызға. Жақсы үйлердің сапасы. Үш бөлмелі пәтер алдық. Бағасы 14 миллион. Ай сайынғы төлемақы 78 мың, – дейді жақында ғана баспаналы болған Келдібаевтар отбасы.

Жыл басынан бері бағдарламаны іске асырушы банк арқылы 6 мың қазақстандық жаңа пәтер рәсімдеген. Жыл соңына дейін тағы 3 мың отбасы қоныс тойын тойламақ.

Қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Қуандык Айтмағанбетовтің айтуынша,  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Саялы 2 шағынауданында 45 үй салынған. Соның ішінде 13-і жалға алу бойынша алынатын үй, 32-сі несиеге алынатын үйлер.

2018 жылдың аяғына дейін Алматыда 121 үй салынып бітуі тиіс. Бұлардағы пәтер саны 6333-ті құрайды.

Бір бөлмелі пәтердің құны 6 миллион 200 мың теңгенің шамасында шығады. Қажетті жарна 20 пайызды құрайды. Егер де 1 бөлмелі пәтер алу үшін 1 миллион 200 мың теңге банкте ақшасы болса, алғашқы жарна, ол жеткілікті деп есептеледі. 2019 жылы банк-оператор Алғабас ауданындағы 23 үйдің құрылысына қатыспақ. Сонымен қатар 20 жылы Алатау ауданындағы жаңа ықшамауданды үлкейту жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here