Астанада Кубань казактары Абай әнін әуелете шырқады

0
1448

Жақында Елордамыз Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында әлемге танымал Мемлекеттік академиялық Кубань казактары хоры ұжымының концерті өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған болатын.

Кубань казактарының хоры Ресейдің ұлттық бренді және Краснодар өңірінің мәдени құндылығының объектісі болып табылады. Осы күні хор ұжымы өзінің құрылған күнін – 207 жылдығын мерекеледі. Астана тұрғындары мен қонақтары хор ұжымын ерекше жылулықпен қуанышты қарсы алды.

Жиналған көрермендер алдында концертті ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстандағы Ресей Федерациясының Төтенше және уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин құттықтау сөздерімен ашты. Өз сөздерінде спикерлер Мемлекеттік академиялық Кубань казактары хорының концерті Ресей мен Қазақстан халқын байланыстырып отырған достық пен өзара сыйластықтың нышаны болып табылатынын алға тартты. Мұндай мәдени өзара қарым-қатынас біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізін қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Концерт бағдарламасында орыстың халық әндері, казактар және авторлық әндер, вокалдық хореографиялық композициялар халық билерінің сүйемелдеуімен шырқалды. Кештің шарықтау шегі – Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін қазақ тілінде орындау болды. Қазақ халық музыкасын тамаша орындаған артистерге көрермендер орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here