Жиналыс, отырысты қысқарту керек!

0
3449

немесе Президент Жолдауында не айтылды?

 

5 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жасады. Осы Жолдаудағы оқшау ойларды топтастырып, оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Ең аз жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтылсын!

Мұғалім мәртебесі туралы Заң қабылдансын. Барлық жұмысты мұғалімнің иығына артып қойғансыңдар.

Баланың үш ауысымда оқуына жол берілмесін. Ол түн жарымға дейін мектепте отырмауы керек.

Толып жатқан спорт кешендері қарапайым халықтың игілігіне жұмыс істесін. Олар не үшін салынды? Балаларға тегін болсын. Сауықтыру орталықтары әрбір аулада болсын.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандарты орта мектептер үшін қолданылсын.

Қолда бір инфрақұрылым негізінде Назарбаев Университетіне ұқсас университет құрылсын. Бұл негізі политехникалық жоғары оқу орны болады.

Біздің түлектер неге Ресейге оқуға кетеді? Себебі біздің ЖОО-ға сенім аз, сапа төмен. Біріншіден, жоғары білімнің қолжетімді болуы қамтамасыз етілсін.

Жұмысқа тұруға жол ашпайтын дипломның керегі жоқ.

Учаскелік медициналық қызметкерге жалақы келер жылдан бастап, 20 процентке ұлғайтылсын.

Қалаға көшкен жұрттың жағдайын жасау керек. Отбасыларға арналған жатақхана типті пәтерлер салу керек.

Ипотеканы дәрігерлер, полицейлер, мұғалімдердің алуына көмек берілсін.

Халықтың тұтынатын тауарларын шығару керек. Егер үстеріңдегі шетелдік костюмдерді шешіп алса, жалаңаш қаласыңдар. Халықты өз елімізден шыққан киіммен киіндіру керек.

Полиция қиын кезде адамға көмектесуі керек. Тәртіп сақшысы адам ұрғыш таяққа айналмасын.

Тек үздік заңгерлер ғана судья болуға лайықты.

Әлемде сотқа барып, жұрт проблемасын шешеді. Ал бізде Президентке хат жазады.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнеске «салық амнистиясын» жариялаймын.

Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» жөніндегі рейтингісі бойынша Қазақстан 190 елдің ішінде 36-орынға көтерілді.

Азық-түлікті шеттен әкелуді доғару керек. Сыртқа шикізат сата бермей, тауар сату керек.

Алматы облысында етті сүйегіне дейін өңдейтін ірі зауыт салынып жатыр.

Халықтың саны осы жылдар ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті.

Білім, ғылым, медицинаға жалпы ішкі өнімнің 10 проценті жұмсалсын.

Халықтың дені сау болуы үшін тамақ пен дәрі-дәрмек, су сапалы болуы тиіс.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті қажеттерін өтеуге көмек берілсін.

Адамның қолайлы өмір сүруі үшін оның үйі және сол үйі қауіпсіз болу керек. Бізде тек Алматы мен Астанада мұны қадағалаймыз. Өзге қалаларда да осылай болуы тиіс.

Жиналыста отыру уақыт жағынан 100 тәулікке жеткен. Сонда адамдар қай кезде жұмыс істейді? Адамдарға жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек! Жиналыс, отырысты қысқарту керек!

2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынамын!

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here