Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрғандардан құжаттар қабылдай бастады.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы маусым айындағы қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілген. Осы бағдарлама бойынша «Қазақстанның тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» тұрғын үйлер салады.

Астана қаласының әкімдігі мен Тұрғын үй жинақ банкі  4-класты жайлылықты, тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 120 мың теңге болатын 21 пәтерді сату бойынша 2016 жылғы 26 шілдеде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын.

Тұрғын үй өз қаражаты немесе тұрғын үй құрылыс жинағынан, несие есебінен тікелей сатып алу арқылы жекеменшікке беріледі. Төлем қабілеттігі расталмаған жағдайда тұрғын үй 8 жылдан аспайтын мерзімге сатып алумен жалға беріледі. «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарлама шарттарына сәйкес, Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) мына санаттар бойынша қатыса алады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ҰОС мүгедектеріне және қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, жасына қарай зейнеткерлер, оралмандар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Құжаттарды қабылдау өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданумен, e.astana.kz веб-порталы арқылы ғана жүзеге асырылады, «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үй» жүйесінде – 2018 жылғы 10 – 12 қазан аралықтарында (қоса алғанда). Тұрғын үйді алуға үміткерлер негізгі талаптарға сәйкес құжаттар тапсырады.

Қажет болған жағдайда азаматтардан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері қосымша құжаттар сұралады, сондай-ақ өтініш иесінің берген мәліметтерін нақтылау үшін шақырылуы мүмкін.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне және кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізеді.

Өтініш берушілердің төлем қабілеттіліктеріне іріктелген бағалау жүргізгеннен кейін комиссия әкімдіктің интернет-ресурсында бағдарлама қатысушылардың түпкілікті тізімін жариялайды. e.astana.kz веб-порталы арқылы өтініш беру кезінде iKomek бірыңғай байланыс орталығынан толығырақ ақпарат алуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here