Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Туризмді дамытқымыз келсе виза мәселесін шешу қажет»

0
1463

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелдік туристер үшін виза мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.

Мұхамедиұлы саяси тұрақты және дамыған 64 елдің азаматтары туристік және басқа мақсаттар үшін Қазақстанға визасыз келуге құқылы екенін еске салды.

«Алматы мен Астанада Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 2018 жылдың соңына дейін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді.

Нәтижесінде Қазақстаннан Қытайға транзит ағымы 60%-ға өсіп, қалаға 17 мыңнан астам шетелдік келген», – деді министр мәжілістегі үкімет сағатында.

Ол жыл соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында пилоттық режимде 128 мемлекеттің азаматтары, соның ішінде Үндістан, Қытай, Иран, Парсы шығанағы елдеріне арналған электрондық виза механизмі іске қосылатынын атап өтті.

Бұл виза алу мерзімін 5 күнге қысқартады және процесті едәуір жеңілдетеді.

«Өкінішке қарай, бүкіл дүние жүзі электронды визамен жұмыс істеп жатқанда, Қазақстан әлі кезекке тұрып, бәрін қолмен толтырып жатыр», – деп қапаланды Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Өзбекстанмен шекаралық туристік маршруттарды ілгерілету үшін Silk Way Visa аясында визаларды өзара тану механизмі талқыланып жатыр.

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында уақытша туристік өткелдердің ашылуына және тікұшақ паркінің қызмет көрсетуіне байланысты Қазақстан 17 жыл ішінде алғаш рет Орталық Тянь-Шаньда стратегиялық артықшылыққа ие болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here