Бақыт Сұлтанов Президент Әкімшілігінің жетекшілігіне тағайындалған Әсет Исекешевтің орнына келді
Астана қаласының жаңа әкімі болып ҚР Қаржы министрі қызметін атқарған Бақыт Сұлтанов тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», – деп хабарланған Ақорданың твиттердегі парақшасында.
«Қала мен Дала» анықтамасы:
Бақыт Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада дүниеге келген.
Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер мен жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен бірге Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 23 жасында Қаржы министрлігіндегі бөлімнің бас экономисі ретінде бастады.
Қаржы және экономика министрлігінің құрылымдарында және статистика бойынша агенттікте басқарушы лауазымдарын атқарған.
2010-12 жылдары Президент көмекшісі болып, кейінірек Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне келді.
2013 жылы қарашада қаржы министрі атанып, кейін тағы бірнеше рет қайта тағайындалды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Әскери шені – запастағы лейтенант.
«Парасат» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған, Президент пен Премьер-министрдің Алғыс хатын, Қазақстан Қаржы министрлігінің алғысын алған.