Жаңа технологиялар соттарды халыққа жедел қызмет көрсетуіне жол ашты

0
752

Ақпараттық технологиялар өміріміздің барлық саласына дендеп еніп, бұрындары қолмен атқарылатын жұмыстарды барынша жеңілдетіп жатқаны белгілі. Қазіргі таңда еліміздің сот орындары мен халық арасында байланыс осы жаңа технологиялар көмегімен жан-жақты дамығанын атап айтуға тиіспіз. Соңғы төрт жылда еліміздің  сот жүйесінде жасалынған қолға алынған ауқымды жұмыстар мен олардың нәтижесі халық қызығын көруде.

Қазақстанның Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы –  халық делінген, демек осы халықтың тез арада заңды тұрғыда өзіне қажетті мәліметтерге электронды ақпараттық технологиялардың көмегімен қол жеткізуінде ҚР Жоғарғы сотының бастамасымен қазіргі таңда нәтижелі жұмыстар өз жемісін беруде.

Негізінен сот жүйесін дамыту Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан бастау алды. Осы аталған Ұлт жоспардың 11 қадамы сот жүйесіне арналып қазіргі таңда оның барлығы жүзеге асырылған. Атап айтсақ,  осы ұлттық жоспарға сәйкес сот жүйесі жұмысын халыққа қолжетімді ету және оның ашықтығын қамтамасыз ету үшін сот отырысы залдары қазіргі таңда елімізде 100 пайыз дыбыс-бейне жазба жүйесімен қамтылды.

Сонымен қатар, бейнеконференцбайланысы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды. Яғни, процесске қатысушылар сот отырысы болып жатқан жерден қашықтықта қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл тиісінше азматтардың уақыты мен қаражаттарын үнемдеуге үлкен септігін тигізеді.

Сот жүйесі жұмысын оңтайландыру, сот төрелігін жеңілдету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Бұл сервис азаматтардың арыз-шағымдарын қашықтықтан беруіне және сот процесіне қатысушылардың іс жүргізу кезінде шығарылған шешімдермен, қаулылармен, сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттармен танысуға  мүмкіндік беріп, қыруар мемлекет қаражатын үнемдеуге септігін тигізді.

Заман талабына сәйкес сот жүйесі электронды құжат айналымға көшіп отыр, оның бір белгісі ретінде 2015 жылы іске қосылған «Төрелік» ақпараттық жүйесін атауға болады. Сот жүйесінде күнделікті жүргізілетін жұмыстар осы жүйе арқылы өтеді. Осы жүйенің артықшылығы,  басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, сондай-ақ сот қызметкерлерін қағазбастылықтан босатады.

Жоғарыда көрсетілген электронды ақпараттық технологиялар халыктың уақытымен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің ашықтығына мүмкіндеі береді.

«Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сот процесіне қатысушыларға СМС хабарлама жолдау және оларды электрондық пошта арқылы хабардар ету жүйесі, «Сот құжаттарымен таныстыру» сервисі, «Істерді қарау тізімі» сервисі, «Сот кабинеті» сервисі, «Сотқа шақыру қағазы» сервисі және азаматтар «QR code» арқылы соn қызметтеріне қол жеткізу іс – шаралары жүзеге асырылуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here