Талғардағы этномәдени бірлестіктер мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде

0
1770

Талғар ауданында өзге ұлт өкілдері тату-тәтті тірлік кешуде. Құт дарыған қазыналы өңірде  2 саяси партияның филиалы, 46 мәдени бірлестік, 50-ге жуық үкіметтік емес ұйым  тонның ішкі бауындай бірлесе қызмет етуде.

– Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің мүддесін  қорғайтын ұйым құру туралы  ойды алғаш рет Елбасы Н.Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткен Қазақстан халқының бірінші форумында айтқан болатын.

Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құрал.Еліміздің түкпір-түкпіріндегі  этностың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаңға айналып үлгерді.

Бұл ретте, аудандағы этномәдени орталықтардың атсалысуымен біршама  мәдени іс-шара ұйымдастырылып, ұлттар арасындағы татулықты нығайтуға ұйытқы болып отырғанын ерекше атауға болады, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гаухар Сәлімбаева.

– Ауданымыздағы грек, түрік, ұйғыр, славян, беларусь, корей этномәдени бірлестіктері ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыру да аянып қалып жатқан жоқ.

Ұзақ жыл бойы табандылықпен еңбек етіп келе жатқан грек этномәдени бірлестігінің басшысы Константин Муратиди, ұйғыр этномәдени бірлестігінің басшысы Имин Тохтахунов, түрік этномәдени бірлестігінің басшысы Аббасалы Исмаиловтардың өзге ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынастың сақталуына, мемлекеттік тілді дамыту жолында атқарған  еңбектері ерен.

Аталған этномәдени бірлестіктер жыл басынан бері ауданда өтіп жатқан құрбан айт, рождество, масленица, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сынды мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысып, ұлттық құндылықтар мен өзара ымыраластықтың салтанат құрғанын көрсетіп келеді.

Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық салада жетістік болмайтындығын тарих әлдеқашан дәлелдеген.  Ел ішінде тұрақтылық пен жасампаздықтың мәңгілік орнауын қадағалау мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі екені даусыз.

«Үдедің сыры – бірлікте,жүдеудің сыры– алауыздықта» деген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Біздің бір ғана отанымыз бар. Ол тәуелсіз-Қазақстан» деген болатын. Расында туған топырағымыздағы татулық пен тұрақтылықты сақтап, жерімізді бейбітшілік бесігіне айналдырғанда ғана тәуелсіздітің туын тұғырынан түсірмеуге бағытталған еңбегіміз баянды болмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here