Ақышев: «Санкция салдарынан инфляция күрт өседі»

0
1119

2019-2020  жылдары антиресейлік санкциялардың салдарынан инфляцияның өсуі күтілуде

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлім етті.

Ақышев қысқасы, былай деді:

– Тамыз айында инфляция 0,2 процентті құрады. Бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда тым жоғары көрсеткіш. Жылдық өлшемге салғанда бұл 6 проценттен артық.

Общым, азық-түлікке жатпайтын тауарлар есебінен инфляция өсе бастады. Азық-түлік тауарлары бойынша инфляцияның тежелуі былтыр 0,9 процентті құраса, биыл бұл – 0,1 процент.

Сонымен, 2019-2020 жылдары инфляция өседі деп күтілуде, тіпті белгіленген дәлізден асып түсуі мүмкін.

  • Біріншіден, бұл Ресейге қарсы санкциялар режимімен байланысты,
  • Екіншіден, ұлттық валютаның әлсіреуімен байланысты,
  • Үшіншіден, мұнай бағаларының арзандауымен байланысты,
  • Төртіншіден, әлеуметтік шығындардың өсуі мен несиелердің көбеюімен байланысты, –деді Ақышев.

Сосын Ақышев Үкімет пен жергілікті билік өкілдеріне

антиресейлік санкциялармен байланысы бар біздегі нарықтарды анықтап-зерттеу жүргізу қажеттігін мәлім етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here