Дәрі-дәрмек нарығын реттеу қажет

0
1462

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен дәрілік заттар айналымы саласындағы сыбайлас жемқорлықты және нарықта дәрілер мен медициналық құралдарды жылжытуды жою бағытында арнайы жұмыс басталды.

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, жаңа заңда нарықта дәрі-дәрмекті жылжыту нормаларын сақтамағаны және әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылатын болды. Осы мақсатта әзірленген Әдеп ережелерінде фармкомпаниялар өкілдерінің дәрілік заттарды жарнамалау үшін емхана мен ауруханаға жұмыс уақытында баруына тыйым салу да қарастырылған.

Сондай-ақ жаңа талапта фармкомпаниялар тарапынан медицина қызметкерлеріне демеуші болып, бонустар беріп, конференцияға барып келу шығындарын көтеру ісіне де қатаң түрде тыйым салынбақшы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда медицина қызметкерлеріне дәрі-дәрмектерді жарнамалауға тыйым салынған.

Қазіргі уақытта аталған заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Жақын уақытта ҚР Парламенті Сенатының күн тәртібіне екінші оқылымға шығарылады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін заңға қол қою жоспарланып отыр.

Айнұр ЖҰМАХАН

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here