Мұражай жаңа жәдігермен толықты

0
784

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 14 желтоқсан 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы Жолдауында татулық пен бірліктің туын берік ұстана отырып, барлық ұлтты достық пен татулыққа шақыру жөнінде алдағы қадамдарымыздың саяси бағдарын көрсеткен болатын.

Кім-кімге де болмасын, туған жердің ыстық топырағынан қанша алыстап кетсеңіз де, сізді қашанда болсын өзіне тартып тұратын ерекше қасиеті бар. Осы жақында ғана ауданымызда айтылған сөзіміздің дәлелі ретінде бір ерекше жайт орын алды.

Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына Ресей федерациясының Қарашай-Балқар автономды аймағынан келген арнайы делегациямен кездесу өткен еді.

Елімізде кең көлемде жыл сайын аталып жүрген 1 наурыз – «Алғыс күні» мерекесі аясында ресейлік спортшы, жаңа құрылған халықаралық АСА ұйымының аралас қоян-қолтық жекпе-жектің чемпионы Альберт Туменовтің ата-анасы бірге келіп, қазақ халқына деген ерекше алғысын жеткізді. Олар ата-бабасы өсіп-өнген Шамалған ауылының халқына құрметін білдірді.

Осы аталған кездесулер барысында, Туменовтер отбасы орталығымызға чемпиондық белбеуімен қатар, балқар халқының жамылғы шапаны мен бас киімі, қанжары сынды естелік тарту-таралғысын сыйға тартып, «Атамекен» орталығының қорын жаңа жәдігерлер қатарымен толықтырды.

Бұлбұл Нұрбекова, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here