Түркі туризмінің деңгейіне қашан жетеміз?

0
2199

Қазақстан 2023 жылға дейінгі туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама бар. Бір ауыз сөзбен айтқанда бағдарлама Қазақстан туризм әлемдің стандартқа көтеруде көздейді. 

Осы стандартқа жетуде біздің ел қандай кедергілердің көзін жою керек? Айталық сервис сапасы қашан жақсарады? Қазақстан туризмінің жарнамасын жасауда пафос пен популизмге жол беріп алған жоқпыз ба? Елімізде бірнеше тілді еркін меңгерген гидтер дайындау жұмысы жолға қойылған ба?

ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ, «Kazakh Tourism» компаниясының төрағасы:

«БІЗ БІР КЕМШІЛІК ЖІБЕРДІК…»

«Қала мен Дала» осы сауалдарды «Kazakh Tourism» компаниясының төрағасы Ержан Еркінбаевқа жолдаған болатын.

Еркінбаев ел туризмінің дамуына кедергі келтіріп отырған бірнеше себепті атады.

– Бұдан былай біздің компания жарнама мәселесін ерекше електеп өткізіп, тек туристер назарын аударады-ау деген жобаларға басымдық береді. Бұдан бұрын Қазақстанның туристік ел ретінде таныту үшін жарнама қыруар ақша жұмсағанымыз жасырын емес.

Саяхатшыларға таптырмайтын ел ретінде Қазақстан туризм әлемге әйгілі телеарналарда насихаттық. Маркетингілік науқан қызу жүрді. Алайда бұл ісімізден нәтижесі шамалы болды. Қазақстан туризмде дүмпу туғызатын жарнама әлі де жасалмады.

– Неге? Мұның себебі неде? Бәлкім мұндай жарнамаға шынайылық жетістпейтін шығар?

– Әлбетте. Ел туризміне жарнама жасарда оны туристік саналардай етіп ұсыну қажет. Жарнама жасаудың тиімді әдіс-амалын іздестірген жөн.

Бұдан былай телеарнаға жарнама берген мұқият боламыз. Әсіресе шетелдік арналарға туристік жобаларға ұсынғанда асығыстық танытпау қажет. Әрине Еуроспорт, CNN деген арналарға шығу абырой. Жүздеген, мыңдаған көрермен көреді.

Мәселен Қазақстар туризмі насихатталған былтырғы жылғы жарнамаларды миллиондаған көрермен тамашалаған. Олардың мәліметі қолымызда бар. Алайда әлі де болса Қазақстанға туризміне қызығушылық танытар аудиторияны тапқан жоқ.

Оның үстіне мұндай жарнаманың құны қымбат. Ал нәтижесі көп жағдайда күмәнділеу. Жарнаманың көп көрілгені, оның мақсатына жеткенін білдірмейтінін енді-енді түсініп жатырмыз.

Рысты Қарабаева, «Еуразия туризмі» қауымдастығының төрағасы:

«СЕРВИС ЖОҚ ЖЕРГЕ ТУРИСТ ТОҚТАМАЙДЫ»

Еуразия туризмі қауымдастығының төрағасы Рысты Қарабаеваның пікірінше Қазақстан туризмінің ең кемшілігі – сервисте. Қызмет көрсету сапасы шетелден келетін туристерді түршіктіріп жібереді.

– Туризмнің ең басты екі қағидасы – сапасы және бәсекеге бейімділік. Қазақстандық туризмнің Түркияның деңгейіне жету үшін қызмет көрсету сапасын әлемдік деңгейге сай стандартқа көтеруіміз керек.

Мұның бәрі мемлекеттің мойнына жүктелетін жұмыс емес. Туризм бизнесін қанша жерден қолдаса да мемлекет қалыс қалдыратын тұстар бар.

Бұл арада туризм бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер мемлекетпен әріптесіп, пікірлесп жұмыс істеу керек.

Дәл қазір біздегі ахуал қандай. Біздегі саяжайлар мен демалыс орындары «маусымдық» қонақ құтумен ғана шектеледі. Үш ай жазда тапқан тапқан қанағат тұтып, осы үш айда әжептәуір тәжірибе жинап қалған ұжымда тарқатып жібереді.

Келер маусымда команданы қайта жасақтайды. Мұндай ұжымның кемшілігі көп болады.

Еліміздегі туристер орындар туристер қалтасынан көбірек ақша қағып қалуды көздейді. Бірақ мұны туристе де сезеді ғой! Мұның барлығы сапалы сервис пен қызмет көрсетудің төмендегінен туындайды.

Екінші мәселе біз көп жағдайда туризмдегі табиғат тарту еткен көрікті жерлердің әлеуетін дұрыс пайдаланбаймыз. Бізге қарағанда ертерек қамданған елдер тау-тасы, өзен суы бар жерұйық жерлерді гүлдендіріп қояды. Сервисін әзірлейді.

Ал бізде өкінішке орай тамылған табиғат бар да, сервис жоқ. Сервисі жоқ жерге  туристер де аялдамайды. Бізге керісінше дәл осындай өлкелерге турист тарту керек.

Туризмдегі бәсекелестік сервистің сапасын жақсартудан басталады.

– Қазақстанға келетін туристер тілдік кедергімен бетпе-бет келуі мүмкін. Халықтың көпшілігі ағылшын тілін жетік біле бірмейді. Елімізде бірнеше тілді еркін меңгерген гидтердің саны жеткілікті ме?

– Өкінішке орай, бірнеше тіл меңгерген, шет елден азаматқа Қазақстан жайлы толыққанды ақпарат беретін гидтердің саны санаулы ғана. Жалпы мемлекеттік деңгейде бұл мамандыққа жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей отыр.

Гид мамандығын «екінші сортты» деп ойлайтындар бар. «Бұл кәсіппен жан сақтай алмаймын» дейтін стреотип қалыптасқан. Ал негізінде туризмі дамыған елдерде гид мамандығы осы саламен аса тығыз байланысты кәсіптің бірі.

Мәселен іргедегі Қырғызстанда гид боп қызмет ету мәртебелі саналады.

Ал біздің  елде шетелдік туристерді серуендетіп, әрі оларға қажетті ақпарат беретін гид жетіспейді. Кәсіби гидтердің санын саусақпен санап аласыз.

Өткенде айда Нұр-Сұлтан – Токио әуе бағыты ашылды. Бұл дегеніміз болашақта жапон туристерін Қазақстанға ат басын бұрады деген сөз. Ал оларды қарсы алатын, серуендетіп, ел жайлы маңызды мағлұмат беретін гид бар ма?

Елімізде жапон тілді тек 3 гид бар екен. Оның үстіне олардың жұмыс ақысы қымбат. Күніне 250 доллар алады. Сонымен қатар елімізде итальян, испан және неміс тілінде сөйлейтін гидтер жетіспейді.

Кененбай МӘМБЕТАЛИЕВ, «Болашақ» бағдарламасы туризм саласы бойынша Джордж Вашингтон университетінде білім алған маман:

«БІЗДЕ ТУРИСТЕРДІ САНАУ ТӘСІЛІ БІР ІЗГЕ ТҮСПЕГЕН»

2023 жылға дейінгі туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламада біраз шикілік бар. Осы тұжырымдама 2016 жылы Қазақстанға 6,5 млн турист келген дейді. Ал 2023 жылы елімізге келетін саяхатшылардың санын 5,5 млн жеткізуді жоспарлаған екен.

Содан да болар өз басым бұл мәліметке күмәнмен қараймын. Бұл мәлімет қаншалықты дұрыс деп зерттеу жүргізіп көрдім.

Қазақстан Премьер министрінің сайтында осыдан 4 жыл бұрын еліміздегі келген туристер саны 500 мыңнан асты деп көрсетіліпті. Ал туристік фирмалардың дерегінде Қазақстанға 700 мыңнан сәл асатын саяхатшы келген дейді.

Осыдан 10 жыл бұрын Әлемдік туристік ұйымның 18 сессиясында сөз сөйлеген Елбасы жақын жылдары Қазақстанға келетін туристер саны 14 млн-ға дейін жетететін хабарлаған еді.

Тоқ етерін айтқанда турист санына қатысты нақты мәлімет жоқ. Елімізге келетін туристердің санын айқындап, олардың неге қызығатынын, қай өлкен көбірек ат басын бұрғанын анықтап алмайынша саланы дамытуға кедергіге кездесе береміз.

Қазақстанда туристерді санау тәсілі әлі де бір ізге түспеген. Туристер санына қатысты нақты ақпарат керек.

Бұл саланы қазіргі кризистен құтқарудың бір жолы – отандық туризмді зерттейтін ғылыми-зерттеу институтын құру.

«ҚАЛА МЕН ДАЛА» АНЫҚТАМАСЫ:

2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы келесідей бағыттарды қамтиды:

  • Еліміздегі мәдени-танымдық және де этнографиялық бағыттағы туризмді, Mice және Event – туризмді, балалар мен жасөспірімдер, медициналық бұдан бөлек аңшылық әрі спорттық туризмді, көлік туризмін және караванингті дамытуға басымдық беру;
  • Қазақстанның белсенді маркетингі және де «Нұр-Сұлтан – Еуразияның жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени астанасы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай маржаны», «Ұлы жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» секілді өңірлік мәдени-туристік кластерлік бағыттағы туризмді дамыту;
  • Еліміздегі туристік саланы жаңа деңгейге көтеру үшін жағдай жасау әрі бұл бағыттағы іс-шараларды қабылдау, мұның ішінде, ел ішінен, шет елдерден инвестицияларды тарту, туризм саласын жетік меңгерген білікті кадрларды дайындау, экологиялық (эко туризм) туризмді дамыту, осы саладағы түрлі әкімшілік кедергілердің көзі жою, сонымен бірге визалық әрі көші-қон рәсімдерді жеңілдету, Қазақстаның туристік әлеуетін имидждік тұрғыдан ілгерілетуді күшейту.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here