Әже мен қызы

0
3098

Жанат ылғи да әжесінің әңгімесін қызыға тыңдайтын. Бүгін қуанышты көңілмен ішке кіріп:

– Әже! – деді.

– Әже осы сіздің қасыңызға жақындасам болды, бұл дүниедегі ең әдемі, ең ғибаратты иіс сезіледі. Неге?

Әжесі қызына қуанғанынан ба, әлде ризашылығын білдіргісі келді ме, әйтеуір, әдемі күліп жіберді.

– Дегенмен әже, мен сізді бір күлдірдім-ау деймін. Сол үшін көңілімдегі сұрағымды қоын.

– Қоя ғой ұалқам! – деді әжесі құлағын жауып тұрған ақ жаулығын қайырып жатып…

Өз ойындағы сұрағын  жүрегінен қалай алып шығарын білмей, Жанат ұзақ ойланып қалды.

Бір кезде:

– Тіршіліктің бәрі де уақытымен келіп, уақытымен кетеді ме, әже? – деді.

– Иә, қызым, онсыз болмайды. Бәрі де табиғаттың заңдылығы. Өмір сүру – өлең атйтып жүру емес құлыным. Біздер табиғаттың перзентіміз, ал қыздар «Табиғаттың гүлі» деп саналады.

– А-а, неге олай? – деде әжесінің сөзін бөліп жіберген Жанат.

– Е, қызым-ай, сенің бар білмейтінің осында екен ғой. Ендеше мұқият тыңда. Бүкіл дала гүлдері сен сияқты өседі. Ол сенің сыртыңдағы сәнің.

– Иә, иә ол сенің тек сырттай көрініп тұратын көркің. Ал ішкі жан-дүниең де сондай көрікті болуы керек. Егер де сенің ішкі жан сезімің көріксіз болса, онда сенің жүрегің де гүл сияқты солып қалады. Сондықтан қыз баланың жүрегіне тұрған кірді жуып-шаюға болмайтыныын біліп ал, қалқам! – деді әжесі қызына салмақты үнмен.

Жанат әжесіне қарай қайта бұрылды.

– Бәлкім, сіз айтқандай дала гүлдері сіздің де жүрегіңізде от болып, көкірегіңізге ой салып, тербетіп тұрған болуы керек. Сол гүлдің иісі шығар, менің мұрныма жұпар болып сезілген, – деп Жанат танауын жоғары көтеріп, әжесінің кеудесіне басын сүйеді.

Жанна БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

9 сынып оқушысы

Алакөл ауданы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here