Дәрі-дәрмек бағасын реттеу заман талабы

0
1871

Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағаларын реттейтін заңа қандай өзгерістер еңгізуді маңыздылығын арнайы дөңгелек үстел барысында белсенді қоғам өкілдерімен талқыланды.

Дөңгелек үстелге ҚР Индустрия және даму минситрлігінің, ҚР ДСМ Фармация комитетінің, Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығы, Республикалық денсаулық дамыту орталығы, «СК-Фармация», «Атамекен» ҰКП өкілдері және отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілер мен фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторлаушылар компаниялардың өкілдеріқатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Алексей Цой дәрі-дәрмектердің бағасын реттеудің уақыт талабы екенін атап өтті.

– Дәрі-дәрмектің бағаларын реттейтін жаңа заң әлеуметтік маңызы бар тауарға жататын дәрілік препараттарлардың алып-сатарлардың пайда көзіне айналдырмауына жол ашады, – деді вице-министр.

Бұдан кейін Қазақстандағы дәрі-дәрмек препараттары мен медициналық бұйымдардың бағаларын реттеудің негізгі аспектілері мен перспективалары жайында Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығы бас директорының бірінші орынбасары Айнұр Нұртаева баяндап берді.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаны реттеудің 4 деңгейін көздейді – өндіруші, көтерме сауда, бөлшек сауда, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алу деңгейлері.

– Баға белгілеудегі қалыптасқан тәжірибені ескеріп, референттік елдердің тізімі олардың макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша Қазақстанмен салыстыра отырып, қайта қаралды. Өйткені алдыңғы тізімге АҚШ, Ұлыбритания сынды дамыған елдер енсе, одан кейінгі орында Қазақстанмен салыстыруға келмейтін елдер кірген, – деп атап өтті Айнұр Нұртаев.

Ол сондай-ақ өндірушінің бағасын тіркеу референттік елдердің тұтынушылық орамының бағасы негізінде жүргізілетінін де түсіндірді. Жаңа заңда үстеме бағаның регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік препараттарды көтерме және бөлшектеп сату маржасы реттеу де көзделген.

Талқылау барысында баға белгілеудің жаңа қағидалары шеңберінде дәрі-дәрмек заттары мен медициналық бұйымдар бағасының негізділігіне экономикалық сараптама жүргізудің күшейтілетіні атап өтілді. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың тіркелген және шекті бағаларының тізілімі әзірлеу барысында фармацевтикалық өнімдердің бағалары туралы ақпарат барлық мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

ҚР ДСМ баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here