Электронды сатып алу ашықтықты қамтамасыз етті

0
1396

Осы уақытқа дейін дәрі-дәрмектерді сатып алумен айналысатын Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы 2019 жылға 42,5 млрд. теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 300 атауын сатып алуға арналған екі кезеңдік тендер жариялайды. Бұл препараттарға артериялық гипертензия, қант диабеті, онкология, гемофилия, шашыраңқы склероз, жүрек жеткіліксіздігі, пневмония, бронх демікпесі және көптеген басқа ауруларды емдеуге қажетті дәрілер.

Мұндай үлкен тендер бірінші рет елімізде электрондық форматта өтіп, өзінің оң нәтижесін көрсетті. 2019 жылғы сатып алуға қатысуды жоспарлаған әлеуетті өнім берушілер 18 қыркүйекке дейін «СК-Фармация» компаниясының сайтына электрондық форматта өтінімдер тапсыруы тиіс. Қағаз түрінде ұсынылатын жалғыз құжат – банк кепілдігі болып табылады.

Егер тендерге қатысушылар тендерлік өтінімді дайындау кезінде құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, оларда оны 2018 жылғы 1 қазанда  Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу сайтында жариялайтын тендерлік комиссияның ескертулеріне сәйкес толықтыруларына болады.

Тендердің қорытындысы 17 қазанда бағаны төмендету аукционының қорытындысы бойынша белгілі болады.

Аукцион электрондық форматта өтіп, 2019 жылы ТМККК шеңберінде еліміздің медициналық ұйымдарына дәрі-дәрмектерді жеткізетін өнім берушілерді анықтайды.

Айтпақшы, сатып алудың электрондық форматына өтуді денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде бірыңғай дистрибьютор жүзеге асыратынын айта кетеміз.

Электронды сатып алу әкімшілік кедергілерді төмендетеді, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.

2019 жылы орталықтандырылған сатып алуға жататын дәрілер мен медбұйымдардың жалпы тізіміне 1144 дәрілік заттар мен медбұйымдар кіреді. Тізім бойынша медициналық ұйымдардан алдын ала 203 млрд. теңге сомаға өтінімдер келіп түскен.

Олардың ішінен 550-ден астам атауамбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін сатып алынатын болады.Олардың 518 атауы отандық фармцевтикалық зауыттарда  шығарылған. Сондықтан отандық өндірісті қолдау шеңберінде бұл дәрі-дәрмектер қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын болады.

Келесі жылы қазақстандықтар қамтамасыз етілетін дәрілердің 332 атауының елде тіркелген аналогтары жоқ. Дистрибьюторларды тізбектен шығару арқылы сатып алуды оңтайландыру мақсатында, препараттарды тікелей дайындаушы-зауыттардан жеткізу туралы шарт жасасу туралы келіссөздер жүргізуде.

Өткен жылдардағы тәжірибеге бойынша ЮНИСЕФ және БҰҰ ДБ халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық дәрі-дәрмекті сатып алу кезінде бағаны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берген. Бұл науқастарды дәрілік заттармен қамтуды бірнеше есе ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Биыл ЮНИСЕФ арқылы, сондай-ақ БҰҰДБ-мен ынтымақтастықта АИТВ-мен, вирустық гепатиттермен және туберкулезбен ауыратын науқастарға дәрілерді сатып алу жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here