Министр Біртанов: «Шетелдік жұмысшыларды елге кіргізуге уақытша шектеу қойылды»

0
884

Алдағы айда коронавирус қауіпті жоғары мемлекеттердің тізімі жаңартылады. Осы орай Қазақстан Үкімет шетелдік жұмысшыларды елге әкелуге уақытша тыйым салды.

«Олардың орнына жергілік жұмыс күшімен алмастыру мәселесін ойластыру үстіндеміз», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның айтуынша әзір Оңтүстік Кореяда жүрген жерлестеріміз Отанынан оралар болса, талап бойынша екі аптаға созылатын карантинге орналасатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі әзіргі таңда басқа да құрылымдармен бірлесіп Корея жерінен елге оралғысы келетін қанша қазақстандықтың барын анықтауда екен.

«Айталық әзір шетелде жүрген 30 мың жуық жерлесіміздің 25 мыңы кері қайтқысы келеді делік. Бүгінде еліміздегі ауруханаларда 7 мыңнан сәл асатын орын бар. Тиісінше шет елдерден келген отандастарды бір мезетте жеткізе алмасымыз анық.

Әзір бірқатар мемлекет қауіпті індетке шалдықты деп күдікке ілінген азаматтарына үйлерінде жатып ем қабылдауға кеңес беруде. Оларды дәрігерлер тұрақты түрде бақылайтын болады. Бәлкім бізге де сол тәжірибені қолданып көрген дұрыс болар», – деді министр Біртанов.

Айта кетелік, биыл біздің елмен арадағы бірлескен жобалар негізінде 20 мыңға жуық шетелдік жұмысшыға квота берілген. Бірақ қауіпті індеттің таралуы қаупіне байланысты осы жоспарға өзгеріс енбек.

Біртановтың айтуынша Үкімет шетелдік мамандарды Қазақстанға әкелуге уақытша шектеу қойды.

Денсаулық сақтау министрінің атап өткеніндей шетелдік жұмысшылар да елге келуге құлшынып тұрған.

«Олар да келгісі келмей жатыр. Себебі коронавирустен қауіптенеді. Алайда біздің елмен арадағы инвестиялық жобалар тоқтап қалмасы анық. Осы себепті әзір олардың орнын өз мамандарымызбен алмастыру мәселесін қарастыратын боламыз» – деді Біртанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here