Нұрсұлтан Назарбаев: «Ассамблеяның жұмысын жүрдектету керек»

0
969

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдап, бірқатар маңызды тапсырма берді.

Түймебаевпен жүздескен Тұңғыш Президент Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауындағы маңызды бағыттарды елге ежіктеп түсіндіру керектігін айтты.

«Ассамблеяға қойылар талап айқын, бағдар белгілі. XVII сессияда бұл туралы кеңінен сөз қозғап, маңызды шешім қабылдадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын тарқатып түсіндіру күн тәртібінде тұр. Бұл іске өңірлік этномәдени ұйымдарды атсалыстыра отырып, аймақтардағы жұмысты жүрдектеу және түсіндіру аса маңызды. Барлық өңірлерде Жолдау жүктеген жұмысты жолға қою қажет», деді Назарбаев.

Сонымен бірге Тұңғыш Президент Қазақстан Ассамблеясының жұмысын халықаралық деңгейде танытуға қатысты мәселе көтеріп, Түймебаевқа тапсырма берді.

«Сіздің жүктеген міндетті ойдағыдай орындау үшін Ассамблея тарапынан бірқатар шара қабылданып, жоба әзірледік. Ассамблея туралы айтқанда әзір негізгі күшті өңірлерде жұмсаудамыз. Соңғы екі айдың межесінде аймақтарда 2 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылып, бұған 4 млн-ға тарта азамат қатысты», – деді Түймебаев.

Назарбаев Ассамблея жұмысын халықаралық деңгейде таныту туралы мәселе көтергені тегін емес. Сарапшылардың пікірінше, осы арқылы Тұңғыш Президент Ресей мен Украинаны бірлікке шақырып, екі тарапты татуластыруға дәнекер болмақ.

Бұл туралы Елбасы биылғы жылдың сәуір айында өткен Ассамблеяның XXVII сессиясында да айтқан.

«Тоқаевтың Жолдауындағы тапсырмалардың тездетіп орындалуына Ассамблея да атсалысуы керек. 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында елге алғашқы Жолдауын арнаған Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің келешектегі саяси-әлеуметтік келбетін анықтауға арқау болатын бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Оның ішінде қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыру, митингіге рұқсат беру секілді міндеттер кезек күттірмейді. Жолдаудағы ел тағдырына қатысты елеулі дүниелерді елімізде ондаған ұлт пен ұлыстың құлағына құйып, санасына сіңдіруде Ассамблеяның орны бөлек», – дейді «Қала мен Далаға» пікір білдірген саясаттанушы Данияр Әшімбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here