Медициналық сақтандыру ісі өңірлерде қалай іске асуда

0
2237

Таяуда

Таяуда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМС) енгізуге бағытталған өңірлік штабтардың жұмысы Атырау және Қостанайда өткен сессиямен аяқталды.

Өңірлердің міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге дайындығын бағалау жөніндегі республикалық науқан барысында еліміздің бірқатар облысындағы жағдайлар сараланған.

Бүгінде Қарағандыда МӘМС пилоттық жобасы іске қосылғаны белгілі. Сол сияқты Атырау қаласында өткен штаб отырысында  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерге ақпараттық қолдаудың маңыздылығы орасан екеніне тоқталды. Ол бағдарламаның халықтан қолдау табуы үшін МӘМС жүйесінің қандай нәтиже беретінін барынша түсінікті жеткізу керегін атап өтті.

Ал медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымов Қостанай қаласында ұйымдастырылған өңірлік штаб отырысы барысында медицина саласы мамандарына медициналық қызметтерді сатып алу және төлем жасау жүйесін жетілдірудің маңыздылығы туралы айтты. Қарағанды облысындағы МӘМС пилоттық жобасы ерекше тәжірибе болмақ.

Қолда бар ресурстарды дұрыс пайдаланып, аймақтық медициналық ұйымдардың менеджментін жақсарту қажет. МӘМС қағидаттарына сәйкес жұмысты дұрыс үйлестірудің тамаша мысалдары бар.  Қор өзінің жеткізуші компанияларына осы тәжірибені қабылдауды ұсынады.

Аймақтардағы МӘМС-ке дайындық жөніндегі жұмыс жергілікті атқарушы органдар бекіткен Жол карталарына сәйкес жалғасатынын айта кетуіміз керек.

н (МӘМС) енгізуге бағытталған өңірлік штабтардың жұмысы Атырау және Қостанайда өткен сессиямен аяқталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here