Мұғалімдерге жалақыдан бөлек қандай үстемеақы төленеді?

0
2246

Магистр дәрежесі бар мұғалімдерге 25 мың теңге шамасында үстемеақы төленеді

«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасында мұғалімдерге қосымша ақы төлеу қарастырылған. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Үкіметте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған министр негізгі материалдық стимулдарға тоқталды. Құжатқа сәйкес, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріледі. Педагогикалық шеберлігі үшін де қосымша ақы төлеу қарастырылған.

Сондай-ақ магистр дәрежесі бар мұғалімдерге 25 мың теңге шамасында үстемеақы төленеді.

«Сынып жетекшілігі үшін 173 мың мұғалімнің, ал дәптер тексергені үшін 165 мың мұғалімнің қосымша ақысы екі есеге артады. 212 мыңнан астам қызметкердің біліктілік санаты айлық жалақыдан 30-дан 50 процентке дейінгі мөлшерде қосымша ақы алуына мүмкіндік береді. 7 мың қызметкерге магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленеді», – деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here