Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі жас ұрпақ болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің білім беру ісінде көптеген өзгерістер болып жатқаны баршаға аян. Ал бүгінгі таңда мектепке дейінгі балабақшаларда тәрбиешінің ең қасиетті міндеті – рухани бай, себебі жан-жақты дамыған, бойында дарынды, ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.
Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет.
Қазақ халқының ағартушысы М.Жұмабаев «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.
Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А. Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту сезімді тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рақат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету» деп жазған.
Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу – үлкен міндет. Бұл орайда дайын материалдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар өте көп, бірақ нәтиже шамалы. Оның себебі толық қанды, жүрек жарды жұмыс жоқтың қасы. Балабақшадағы екінші ата- ана, тәрбиеші аянбай еңбек ету керек.
Балалардың стратегиялық ойлау қабілетін дамыту мақсатында Қазақстанда жасалған «Жеті ойыншық» жобасы аясында және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын толықтай етіп түсіндіру, сонымен қатар тарихи құндылықтарды таныту үшін балабақшамызда «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Әр топтың балалары арнай кабинетке келіп, құралдарды өз ойларынша қозғалтып еркін ойнап жүзеге асыра алады. Бұл ойыншықтың мақсаты – «Жеті ойыншық» құрастылмалы ағаш ойыншықтар арқылы балалардың логикасын, стратегиялық ойлау қабілетін, үздік көшбасшы болуға тәрбиелеу.
Киіз үйдің жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет беру. Киіз үй туралы түсінік-ұғымдарын молайтып, білімділікке жетелеу. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтардың бірі – ою. Оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу, ою-өрнек туралы түсініктерін жетілдіру. Оның түрлерімен таныстыру, сол арқылы балаларды еңбекке баули отырып, іскерлік дағдыларын меңгерту. Өскелең жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын арттырудың маңызы зор.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Наразбаев өз сөзінде айтқандай, елдің болашағы жастардың қолында демекші, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сәкен Қасықбайұлы Болысовтың «Жеті ойыншық» мақаласында қазіргі таңда балабақшамызда үш жоба бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Олар «Керемет үй», «Керемет домбыра», «Мағыналы оюлар» балабақшамызда арнайы ашылған кабинетте жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Керемет домбыра» баланың шеберлігін шыңдауға, ойлау қабілетін дамытуға, домбыра бөлшектерімен танысуға көмектесетін ойыншық-көрнекті құрал. Бұл ретте домбыраның қалай жасалатыны жайлы мағлұматтар беру, домбыраның ағаштан жасалатын, оны құрап жасауға болатындығын түсіндіру, әр балаға домбыраны құрастырып, дұрыс бағдар беріп отыру, домбыраға арналған өлеңдер оқытып, әңгімелер айтып беру.
Ал «Керемет үй» құрастырмалы бірнеше бөліктерден тұратын көрнекті құрал. Мұнда балаларға ойыншық киіз үйді құрастыра отырып, оның бөліктерімен таныстыру, киіз үйді құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру, өздігінен дербес ойлануға үйрету, сөздік қорын байыту, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, ұқыптылыққа үйретуді көздейміз.
Сол сияқты «Мағыналы оюлар» көрнекті құралдары арқылы оюлар туралы түсінік беру, олардың негізгі түрлерімен таныстыру. Бала жастан ұлттық ою-өрнекті танып, түр-түсін үйлестіре қиюластырып, өзі құрап машықтануға, суретін салып әсемдеуге баулу.
«Жеті ойыншық» құрастырмалы ойын бөлшектерді Рухани жаңғыру кабинетімізде болашақта – «Әсем үй», «Саз аспаптары», «Әуенді бесік», «Астана – Бәйтерек» сынды ойыншықтармен толықтырмақ ойымыз бар.
Эльмира Нұршаева, №177 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.
Алматы қаласы Алатау ауданы