Жүздеген қазақстандық әйелдер «Сенің қалаңдағы қызғылт лента» акциясы аясында тексеруден өтті. Бұл – AVON компаниясының, «Обырға қарсы біргеміз» қорының және ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ бірлескен жобасы.
Жобаның мақсаты – тұрғындарды сүт безі обыры туралы хабарландыру және кеуденің қауіпті патологиясын алғашқы кезеңінде анықтау үшін маммологиялық тексеру жүргізу болып табылады. Сондай-ақ скринингтерді жүргізу алгоритмі бойынша дәрігер-маммологтардың білімін жетілдіру.
Жоба екі кезеңнен құрылды. «Сенің қалаңдағы қызғылт лента» шарасының бірінші кезеңі 29 қазан мен 4 қараша аралығында Алматы қаласындағы №34 мектепте өткен болатын.
Шара барысында тәжірибелі маман маммологтардың тексерулері мен кеңестері және УЗИ-зерттеулер мектеп каникулы аясында, жұмыс орындарында ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде Түрксіб ауданында – 742 әйел, Наурызбай ауданында 689 әйел тексеруден өткен.
Жалпы, 1431 адам тексерілді, олардың 563-і УЗИ-ден өтсе, 255 адамда фиброзды-кисталық мастопатия, 28 адамда аса қауіпті ісіктер анықталған. Бұл әйелдердің барлығы одан әрі қарай диагностикадан өтуге және ем алуға жіберілді. Екі жас әйелде сүт безінің обыры анықталды.
Жобаның екінші кезеңі қараша, желтоқсан, қаңтар айларында Астана, Қарағанды, Петропавл қалаларында өтеді деп күтілуде. Әйелдерге өңірлердегі онкодиспансерлерде қабылдау жүргізілді.
Жоба аясында онкологиялық диспансерлерде, қалалық және облыстық емханаларда жұмыс істейтін маммологтар, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен аудандық онкологтар үшін сүт безінің скринингін өткізу алгоритмі бойынша дәріс беру лекциялары болды. Барлық қалаларда әйелдер үшін Ашық есік күндері өтіп, оның барысында тегін тексерулер мен маммологтар кеңестері берілген. УЗИ-зерттеулер, маммография мен цитологиялық зерттеулер жүргізілді.
16 наурызда екінші кезеңнің аяқталуына орай, Алматыда Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да әйелдер қауымы үшін Ашық есік күні өтеді. Акция Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-дің қабылдау-кеңес беру бөлімінде болады.